Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Көкшетауда «AMANAT» партиясы жанындағы саяси менеджмент академиясының оқыту семинары басталды

​Көкшетауда «AMANAT» партиясы жанындағы саяси менеджмент академиясының оқыту семинары басталды

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Мықты көшбасшылар – тиімді басқару: «AMANAT» партиясының басқарушылық құзыреттерді дамытуға арналған модульдік бағдарламасы» атты үш күндік оқыту семинары басталды. Ауқымды білім беру алаңына партия мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, ауыл әкімдері және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысуда. Жалпы семинарға өңірден 150-ге жуық адам тартылған.

Іс-шараның модераторы ретінде «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов болды. Салтанатты ашылу рәсімінде «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының директоры Тамара Дүйсенова сөз сөйлеп, қазіргі кезеңдегі тиімді басқару, көшбасшылық қабілеттер мен халықпен нәтижелі байланыс орнатудың маңызын атап өтті.

«Қазір көптеген заңдарға өзгерістер енгізіліп жатыр. Жаңа Конституция қабылданды. Соған сәйкес ауқымды өзгерістер жүзеге асуда. Сондықтан ауыл әкімдерінен бастап, барлық деңгейдегі депутаттарға заңдарды түсіндіру, олардың механизмдерін тәжірибе жүзінде қолдану бағытындағы бағдарламаны ұсынып отырмыз», — деді Тамара Қасымқызы.

Семинардың ашылуына сондай-ақ «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының аймақтық және ұйымдастыру жұмысы департаменті директорының орынбасары Жандос Қалтаев, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Ардақ Қапышев, ауылдық округ әкімдері мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты. Жандос Қалтаев өз сөзінде Президент тапсырмасымен партия жанынан Ауыл әкімдері мектебі ашылғанын атап өтті.

«Өткен жылы 1800 ауыл әкімі арнайы оқытудан өтті. Әкімдер түрлі саладан келеді — мұғалім, кәсіпкер немесе басқа маман болуы мүмкін. Сондықтан бюджет, мемлекеттік басқару және жобаларды іске асыру бағытында нақты дағдыларды қалыптастыру маңызды. Скрининг нәтижесінде әр ауылдың әлеуеті анықталып, кооперативтер құру, кәсіпкерлікті дамыту және “Ауыл аманаты” жобасы аясында халықты жұмыспен қамту мәселелері қарастырылуда. Мұның бәрі сайлауалды бағдарламалар мен берілген уәделерді орындауға, ең бастысы — халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған», — деді ол.

Оқу бағдарламасы аясында партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерді дамыту, халықпен өзара іс-қимылды күшейту және өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу тетіктері қарастырылады. Бағдарлама үш кезеңнен тұрады: офлайн интенсив, онлайн сүйемелдеу және офлайн сессиялар. Сонымен қатар қатысушылар жобаларын қорғап, қорытынды рейтинг қалыптастырылады.

Семинар барысында танымал спикерлер мен «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының қызметкерлері арнайы дәрістер оқып, тәжірибеліксессиялар өткізеді.


В Кокшетау стартовал обучающий семинар академии политического менеджмента при партии «AMANAT»

В Кокшетауском университете имени Ш. Уалиханова стартовал трехдневный обучающий семинар «Сильные лидеры – эффективное управление: модульная программа партии “AMANAT” по развитию управленческих компетенций». Масштабная образовательная площадка объединила членов партии, руководителей первичных партийных организаций, сельских акимов и депутатов маслихатов всех уровней. Всего в семинаре принимают участие порядка 150 человек со всего региона.

Модератором мероприятия выступил председатель Акмолинского областного филиала партии «AMANAT» Берген Беспалинов. В церемонии открытия приняла участие директор Академии политического менеджмента партии «AMANAT» Тамара Дуйсенова. В своем выступлении она подчеркнула важность эффективного управления, развития лидерских качеств и выстраивания конструктивного диалога с населением в условиях современных преобразований.

«Сегодня в законодательство вносятся значительные изменения, принята новая Конституция, реализуются масштабные реформы. Поэтому важно, чтобы сельские акимы и депутаты всех уровней понимали механизмы реализации законов и умели применять их на практике. Именно на это направлена данная образовательная программа», — отметила Тамара Дуйсенова.

Также в открытии семинара приняли участие заместитель директора департамента региональной и организационной работы Центрального аппарата партии «AMANAT» Жандос Калтаев, и.о.– ректора Кокшетауского университета имени Ш. Уалиханова Ардак Капышев, акимы сельских округов и депутаты маслихатов всех уровней .

По словам Жандоса Калтаева, по поручению Президента при партии была создана Школа сельских акимов.

«В прошлом году специальное обучение прошли 1800 сельских акимов. Руководители на местах приходят из разных сфер — образования, бизнеса и других направлений, поэтому важно формировать у них практические навыки в вопросах бюджета, управления и реализации государственных программ. Проведенный скрининг позволяет определить сильные стороны каждого села, перспективы развития кооперации и занятости населения в рамках проекта “Ауыл аманаты”. Все это направлено на реализацию предвыборной программы партии и повышение благосостояния граждан», — подчеркнул он.

В рамках программы участники изучат инструменты повышения эффективности партийной работы, развития лидерских компетенций, взаимодействия с населением и решения актуальных вопросов на региональном уровне. Обучение пройдет в несколько этапов: офлайн-интенсив, онлайн-сопровождение, офлайн-сессии, а также защита проектов и формирование итогового рейтинга участников.

В ходе семинара известные спикеры и сотрудники Центрального аппарата партии «AMANAT» проведут лекции и практические сессии для участников.

09:16
124
Нет комментариев. Ваш будет первым!