Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Көкшетауда екі күндік тоғызқұмалақ турнирі басталды

​Көкшетауда екі күндік тоғызқұмалақ турнирі басталды

Бүгін Көкшетау қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Ұлттық мұра» және «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында ұлттық ойын тоғызқұмалақтан турнирдің ашылуы өтті.

Іс-шараны «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов құттықтау сөзімен ашты. Сондай-ақ партия ардагері Дәулет Жұрымбаев қатысушылар алдында сөз сөйлеп, қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен зияткерлік мұрасының маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылар мен қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылып, одан кейін турнирлік ойындар басталды.

Турнир екі күнге созылып, ұлттық зияткерлік ойын жанкүйерлерін біріктіреді. Іс-шараның ерекшелігі -дәл осындай жарыстар партияның аудандық филиалдары мен белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында қатар өткізіліп жатыр. Жарысқа аға буынның 300-ден астам өкілі қатысуда.

Турнир қорытындылары туралы қосымша хабарлаймыз.


В Кокшетау стартовал двухдневный турнир по тоғызқұмалақ

Сегодня в Центре долголетия города Кокшетау в рамках проектов «Ұлттық мұра» и «Ардагерлерді ардақтайық» состоялось открытие турнира по национальной игре тоғызқұмалақ.

Мероприятие открыл приветственным словом председатель Акмолинского областного филиала партии «AMANAT» Берген Беспалинов. Также перед участниками выступил ветеран партии Даулет Журымбаев, подчеркнув значимость национальных ценностей и интеллектуального наследия казахского народа.

Для участников и гостей была организована концертная программа, после чего начались турнирные партии.

Турнир продлится два дня и объединит любителей интеллектуальной национальной игры. Уже завтра станут известны имена победителей и призеров соревнований.

О результатах турнира сообщим дополнительно.

14:33
147
Нет комментариев. Ваш будет первым!