Кибербезопасность без сложных терминов - как не стать жертвой мошенников в сети
Цифровизация продолжает стремительно менять повседневную и профессиональную жизнь, открывая новые возможности для коммуникации, работы и получения услуг. Однако вместе с этим растёт и уровень киберугроз, с которыми сталкиваются как отдельные пользователи, так и организации. По оценкам специалистов, одной из ключевых тенденций последних лет стало активное использование злоумышленниками методов социальной инженерии - психологического воздействия, направленного на получение доступа к конфиденциальной информации и финансовым средствам.
Сегодня мошенники всё чаще маскируются под коллег, представителей государственных органов или сотрудников служб поддержки, используя доверие пользователей в своих целях. Дополнительную сложность создаёт развитие технологий искусственного интеллекта: фиксируется рост случаев применения deepfake - поддельных аудио- и видеоматериалов, способных убедительно имитировать голос и внешность реальных людей. Это значительно усложняет своевременное распознавание угроз и требует повышенного уровня цифровой грамотности.
В этих условиях эксперты Оперативного центра информационной безопасности (ОЦИБ) Инженерно-технического центра подготовили перечень ключевых рекомендаций, направленных на повышение уровня цифровой защищённости. Специалисты подчёркивают, что базовые меры кибергигиены остаются наиболее эффективным инструментом противодействия большинству атак.
Пользователям рекомендуется с осторожностью относиться к любой входящей информации, избегать перехода по подозрительным ссылкам и обязательно перепроверять финансовые запросы через альтернативные каналы связи. Существенное значение имеет использование сложных и уникальных паролей для разных сервисов, а также подключение двухфакторной аутентификации, что позволяет значительно снизить риск несанкционированного доступа.
Отдельное внимание следует уделять защите персональных данных - не размещать в открытом доступе чувствительную информацию, регулярно проверять настройки конфиденциальности и контролировать, какие приложения имеют доступ к аккаунтам. Эксперты также рекомендуют загружать файлы только из проверенных источников и своевременно обновлять программное обеспечение, поскольку именно уязвимости в устаревших версиях часто используются злоумышленниками.
Важным элементом безопасности остаётся контроль активности аккаунтов - любые подозрительные входы требуют немедленной реакции, включая смену пароля и завершение активных сеансов. Кроме того, специалисты предупреждают о рисках, связанных с «слишком выгодными» предложениями в интернете, которые зачастую являются инструментом мошенничества.
Категорически недопустима передача третьим лицам паролей, SMS-кодов и иных конфиденциальных данных, даже если запрос поступает якобы от официальных структур. Пользователям также рекомендуется внимательно проверять адреса сайтов перед вводом личной информации, поскольку фишинговые ресурсы могут практически полностью копировать внешний вид оригинальных платформ.
Особую осторожность следует соблюдать при использовании открытых Wi-Fi сетей, которые не обеспечивают достаточного уровня защиты и могут использоваться для перехвата данных. Для работы с личной и служебной информацией использовать такие сети категорически запрещается.
Для сотрудников организаций критически важно соблюдать правила работы со служебной информацией и не использовать незащищённые каналы для её передачи. При выявлении любой подозрительной активности необходимо оперативно информировать службы информационной безопасности.
Эксперты подчёркивают, что в условиях роста цифровых угроз именно внимательность, критическое мышление и соблюдение базовых принципов цифровой гигиены остаются ключевыми факторами, позволяющими минимизировать риски и обеспечить безопасность в сети.
Киберқауіпсіздік қарапайым тілмен – интернеттегі алаяқтардың арбауына түспеудің жолдары
Цифрландыру күнделікті және кәсіби өмірді қарқынды түрде өзгертіп, байланыс, жұмыс істеу және қызмет алу үшін жаңа мүмкіндіктер ашуды жалғастыруда. Алайда сонымен қатар жекелеген пайдаланушылар да, ұйымдар да тап болатын киберқауіптер деңгейі артып келеді. Мамандардың бағалауынша, соңғы жылдардағы негізгі үрдістердің бірі - қаскүнемдердің әлеуметтік инженерия әдістерін белсенді қолдануы, яғни құпия ақпарат пен қаржылық қаражатқа қол жеткізуге бағытталған психологиялық ықпал ету.
Бүгінде алаяқтар пайдаланушылардың сенімін өз мақсаттарына пайдаланып, өздерін әріптестер, мемлекеттік органдар өкілдері немесе қолдау қызметінің қызметкерлері ретінде жиі таныстырады. Қосымша күрделілікті жасанды интеллект технологияларының дамуы тудырып отыр: нақты адамдардың дауысын және сыртқы келбетін сенімді түрде имитациялайтын жалған аудио және бейнематериалдар - deepfake қолдану жағдайлары көбейіп келеді. Бұл қауіптерді дер кезінде тануды қиындатып, цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруды талап етеді.
Осы жағдайларда Инженерлік-техникалық орталықтың Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығы (АҚЖО) сарапшылары цифрлық қорғаныс деңгейін арттыруға бағытталған негізгі ұсынымдар тізбесін дайындады. Мамандардың айтуынша, кибергигиенаның базалық шаралары көптеген шабуылдарға қарсы тұрудың ең тиімді құралы болып қала береді.
Пайдаланушыларға кез келген кіріс ақпаратқа сақтықпен қарау, күмәнді сілтемелерге өтпеу және қаржылық сұраныстарды балама байланыс арналары арқылы міндетті түрде қайта тексеру ұсынылады. Әртүрлі сервистер үшін күрделі әрі бірегей құпиясөздерді қолдану, сондай-ақ екі факторлы аутентификацияны қосу аса маңызды, өйткені бұл рұқсатсыз қол жеткізу қаупін едәуір төмендетеді.
Жеке деректерді қорғауға ерекше назар аудару қажет - сезімтал ақпаратты ашық қолжетімділікке орналастырмау, құпиялылық баптауларын тұрақты түрде тексеру және аккаунттарға қандай қосымшалардың қол жеткізе алатынын бақылау. Сонымен қатар сарапшылар файлдарды тек сенімді көздерден жүктеуді және бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жаңартуды ұсынады, өйткені ескірген нұсқалардағы осалдықтарды қаскүнемдер жиі пайдаланады.
Қауіпсіздіктің маңызды элементтерінің бірі - аккаунт белсенділігін бақылау: кез келген күмәнді кіру әрекеттері құпиясөзді дереу ауыстыруды және барлық белсенді сессияларды аяқтауды талап етеді. Сонымен қатар мамандар интернеттегі «тым тиімді» ұсыныстардың тәуекелдері туралы ескертеді, өйткені олар көбінесе алаяқтықтың құралы болып табылады.
Құпиясөздерді, SMS-кодтарды және басқа да құпия деректерді үшінші тұлғаларға беру -тіпті сұраныс ресми құрылымдардан келгендей көрінсе де - мүлде жол берілмейді. Пайдаланушыларға жеке ақпаратты енгізер алдында сайт мекенжайларын мұқият тексеру ұсынылады, себебі фишингтік ресурстар түпнұсқа платформалардың сыртқы көрінісін толықтай дерлік қайталауы мүмкін.
Ашық Wi-Fi желілерін пайдалану кезінде ерекше сақтық таныту қажет, өйткені олар жеткілікті қорғаныс деңгейін қамтамасыз етпейді және деректерді ұстап қалу үшін қолданылуы мүмкін. Жеке және қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу үшін мұндай желілерді пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Ұйым қызметкерлері үшін қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу қағидаларын сақтау және оны қорғалмаған арналар арқылы таратпау аса маңызды. Кез келген күмәнді белсенділік анықталған жағдайда ақпараттық қауіпсіздік қызметтеріне жедел хабарлау қажет.
Сарапшылардың атап өтуінше, цифрлық қауіптер өсіп отырған жағдайда мұқияттылық, сыни ойлау және цифрлық гигиенаның базалық қағидаларын сақтау тәуекелдерді азайтып, желідегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі факторлар болып қала береді.
