Ғашықтар күніне орай кешкілік концерттік бағдарлама өткізілді
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»атты ғашықтар күніне орай,кешкілік «OPEN AIR» концерттік бағдарламасын өткізді.
Аталмыш шара аясында концерттік бағдарламадан басқа конкурстар, би алаңдары, ойындар өткізілді.
Кеш қонақтары өңірлік жұлдыздар Қазыбек Ұлан, «Adagio» би студиясы, Мұратқазы Аяла мен Жапар Амина, Тұрсынәлі Азамат, Әліби және тағы басқалары қатысты.
«Биылғы жылдың ашық аспан астындағы алғашқы кешкілік бағдарламасын ашық деп жариялаймыз. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан бізді қолдап келген қала тұрғындарына алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі шарамыз тек жастар арасында ғана емес, сонымен қатар аға буын өкілдері үшін де қызықты өтті деген ойдамын» - деп, облыстық ЖРО маманы Мейірлан Жамбылов тоқталып кетті.
Шара аясында конкурс жеңімпаздарына арнайы демеушілерден сертификаттар табысталып, кештің одан әрі қызықты өтуіне себепші болды.
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі

Ко Дню влюбленных была проведена вечерняя концертная программа.
ГКУ «Молодежно-ресурсный центр» управления внутренней политики Акмолинской области, ко Дню влюблённых «Козы Корпеш – Баян Сулу», вечером провела концертную программу «OPEN AIR».
Кроме концертной программы в рамках данного мероприятия были проведены конкурсы, танцевальные площадки, игры.
Гостями вечера стали региональные звезды, такие как Казыбек Улан, танцевальная студия «Adagio», Муратказы Аяла и Жапар Амина, Турсынали Азамат, Алиби и многие другие.
«Мы объявляем нашу первую вечернюю программу под открытым небом в этом году открытой. Благодарим горожан, которые поддержали нас, несмотря на плохую погоду. Думаю, что сегодняшнее мероприятие прошло интересно не только среди молодежи, но и для представителей старшего поколения», - отметил специалист областного МРЦ Мейрлан Жамбылов.
В рамках мероприятия победителям конкурса были вручены сертификаты от специальных спонсоров, что сделало вечер еще более интересным.
Пресс-служба МРЦ Акмолинской области
