Қосшыда спорттық инфрақұрылымының дамуына жол ашқан AMANAT бастамасы
Көп жылдар бойы Қосшы тұрғындары спортпен шұғылдану үшін Астана қаласына қатынауға мәжбүр болатын. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін бұл үлкен қолайсыздық тудырып, уақыт пен қаражат шығынын арттырды.
«ALAN» дене шынықтыру-сауықтыру кешені AMANAT партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының салынды және қала тұрғындарының игілігіне қызмет етпек. Жаңа спорт кешені – қала инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба. Заманауи нысан тәулігіне 300-ге жуық адамды қабылдай алады. Олимпиада тізіміне енгізілген спорттың 10 түрінен секциялар да бар.Ғимарат барлық қажетті материалдық-техникалық құралдармен және соңғы үлгідегі спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда ересектер мен балаларға арналған бассейндер, әмбебап спорт залы, күрес залы және ойын алаңдары қарастырылған.
«Қала тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Спорт орталығының ашылуын балалар да, ата-аналар да ұзақ күтті. Енді балаларымыз басқа қалаға барып әуре болмайды. Мұнда күрес, волейбол, баскетбол, карате және тб шұғылдануға болады. Сонымен қатар кешенде балалар мен ересектерге арналған бассейндер бар», — деді «ALAN» дене шынықтыру-сауықтыру кешені басшысының орынбасары Әлия Тұрар.
Кешенде кәсіби спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Енді қала тұрғындары күрес, волейбол, баскетбол, және басқа да олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерімен өз қаласында шұғылдана алады. Бұл, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер үшін халықаралық аренаға шығу үлкен мүмкіндік.
«Менің қызым Даяна волейболмен шұғылданады. Қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі 10-нан астам жарысқа қатысты. Енді өзіміздің “ALAN” кешені ашылып, қатты қуанып жатырмыз. Балаларға осындай заманауи спорт нысанының қолжетімді болғаны — үлкен мүмкіндік», — деді қала тұрғыны Эльмира Дүйсенова.
Айта кету керек, соңғы жылдары Қосшы қаласында әлеуметтік нысандарды дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жаңа спорт кешенінің ашылуы – соның айқын дәлелі. Бұл жоба бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға зор ықпал етеді.

Инициатива партии AMANAT, открывшая путь развитию спортивной инфраструктуры в Косшы
На протяжении многих лет жители Косшы были вынуждены ездить в Астану, чтобы заниматься спортом. Особенно это создавало большие неудобства для детей и подростков, увеличивая затраты времени и средств.
Детско-спортивно-оздоровительный комплекс «ALAN» был построен в рамках предвыборной программы партии AMANAT «Вместе с народом!» и будет служить на благо жителей города. Новый спортивный комплекс является важным социальным проектом, направленным на развитие городской инфраструктуры. Современное учреждение сможет принимать около 300 человек в день. Здесь предусмотрены секции по 10 видам спорта, включённым в олимпийскую программу. Здание полностью оснащено необходимыми материально-техническими средствами и современным спортивным оборудованием. Комплекс включает бассейны для взрослых и детей, универсальный спортивный зал, зал борьбы и игровые площадки.
«Радость жителей города не знает границ. Открытие спортивного центра долго ждали и дети, и родители. Теперь нашим детям не нужно ездить в другой город. Здесь они могут заниматься борьбой, волейболом, баскетболом, карате и другими видами спорта. Кроме того, в комплексе есть бассейны для детей и взрослых», — отметила заместитель директора детско-спортивно-оздоровительного комплекса «ALAN» Әлия Тұрар.
В комплексе созданы все условия для занятий профессиональным спортом. Теперь жители города могут заниматься борьбой, волейболом, баскетболом и другими олимпийскими и неолимпийскими видами спорта прямо в своём городе. Для детей и подростков это открывает большие возможности выхода на международную арену.
«Моя дочь Даяна занимается волейболом. Она принимала участие более чем в 10 городских, областных и республиканских соревнованиях. Теперь открылся наш собственный комплекс «ALAN», и мы очень рады. Для детей иметь такой современный спортивный объект в доступности — это огромная возможность», — поделилась жительница города Эльмира Дүйсенова.
Стоит отметить, что в последние годы в Косшы уделяется особое внимание развитию социальных объектов. Открытие нового спортивного комплекса — наглядное подтверждение этого. Проект способствует массовому спорту, формированию здорового образа жизни и эффективной организации досуга жителей.

