Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Атбасар ауданында су тасқыны қаупі сейілді

​Атбасар ауданында су тасқыны қаупі сейілді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында Атбасар ауданындағы су тасқыны жағдайын тексерді. Аудандағы тасқын кезеңінің ең қауіпті кезеңі сәтті өтті. Өңір басшысы даладағы еріген қар суларын негізгі су өткізу нысандары мен сайлар арқылы өткізу барысымен танысып, қызметтердің үйлесімді жұмысы тұрғын үйлерді су басу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Биыл су еш кедергісіз өтті. Біздің басты міндетіміз – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, және биыл осы жобаны толық аяқтаймыз.
Қазіргі таңда тасқынның шарықтау шегі артта қалды, Атбасар тұрғындарына қауіп жоқ деп сеніммен айтуға болады. Арнаны тазартумен қатар, үш шлюз орнатылып, дала суларын қаладан тыс жерге бұру жұмыстары басталды. Ендігі міндетіміз – қарды уақытылы шығарып, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес қаланы абаттандырудың жаңа жобаларын іске асыру», – деді Марат Ахметжанов.

Тасқынның шарықтау шегі өткеніне қарамастан, әкім жоғары дайындық режимін сақтауды тапсырды. Барлық гидротехникалық нысандар қалыпты режимде жұмыс істеуде, мамандар тәулік бойы кезекшілікте. Марат Ахметжановтың айтуынша, жағдай толық бақылауда, және шарықтау кезеңі артта қалғанымен, қардың толық еру кезеңі аяқталғанша қауіпті учаскелердің барлығы тұрақты бақылауда болады. Қазіргі уақытта жоспарлы іс-шаралар жалғасуда.

Айта кетейік, Атбасар ауданында 19 елді мекенде су тасқынына қарсы 29 іс-шара өткізілді. Сайларды тазалау, бөгеттерді нығайту және Жабай өзенінің арнасын кеңейту жұмыстары жүргізілді. Бүгінде судың апатсыз өтуі қамтамасыз етіліп, барлық күштер мен құралдар, соның ішінде аумақтық қорғаныс күштері жұмылдырылған.


Угроза паводков в Атбасарском районе миновала

Аким Акмолинской области Марат Ахметжанов в ходе рабочей поездки проинспектировал паводковую ситуацию в Атбасарском и районе. Наиболее напряженный этап половодья в районе благополучно пройден. Глава региона ознакомился с ходом пропуска степных талых вод через основные водопропускные сооружения и лог, отметив, что слаженная работа служб позволила минимизировать риски подтоплений жилых массивов.

«Вода в этом году прошла беспрепятственно. Нашим приоритетом остается обеспечение безопасности населения, и в текущем году мы полностью завершаем данный проект.

На сегодняшний день пик паводка пройден, и можно с уверенностью заявить, что угрозы жителям Атбасара нет. Помимо расчистки русла, установлены три шлюза и начаты работы по отводу степных вод за пределы города. Теперь наша задача – обеспечить своевременный вывоз снега и, в соответствии с концепцией «Таза Қазақстан», приступить к реализации новых проектов по благоустройству города», – подчеркнул Марат Ахметжанов.

Несмотря на прохождение пика паводков, аким поручил сохранять режим повышенной готовности. Все гидротехнические сооружения работают в штатном режиме, ведется круглосуточное дежурство специалистов. По словам Марата Ахметжанова, ситуация находится под полным контролем, и хотя пиковые показатели остались позади, мониторинг каждого потенциально опасного участка будет продолжен до полного завершения периода снеготаяния. В настоящее время продолжаются плановые мероприятия.

К слову, в Атбасарском районе проведены 29 противопаводковых мероприятий в 19 населенных путнктах. Проведена работа по очистке логов, укреплению плотин и расширению русла реки Жабай. На сегодня организован безаварийный пропуск воды, подтянуты все силы и средства, в том числе территориальной обороны.

14:45
74
Нет комментариев. Ваш будет первым!