«AMANAT» партиясының Жол картасы: Ақмола облысында 477 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
«AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және заңсыз берілген учаскелерді мемлекет меншігіне қайтару бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл бағыттағы негізгі тетік – «Жер Аманаты» комиссиясының қызметі.
2023–2025 жылдар аралығында өңірде 477,1 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл үш жылға жоспарланған 450 мың гектар көрсеткіштің 106 пайызын құрайды. Яғни, межеленген міндет мерзімінен бұрын және артығымен орындалды.
Атап айтқанда, 2023 жылы 203,2 мың гектар жер қайтарылып, жылдық жоспар 101,6 пайызға орындалды. Жерлердің қайтарылуына жер пайдаланушылардың ерікті түрде бас тартуы, жалдау мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік қажеттілікке алу, сот шешімдері және құқықтардың тіркелмеуі негіз болды.
2024 жылы жұмыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Нақтыланған 100 мың гектар жоспардың орнына 105 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті (105%). Негізгі себептер қатарында ерікті бас тарту, жалдау мерзімінің аяқталуы, құқық белгілейтін құжаттардың күшін жою, мәжбүрлеп алу және сот шешімдері бар.
2025 жылы 168,9 мың гектар жер қайтарылып, жылдық жоспар 112,6 пайызға орындалды. Қайтарылған алқаптардың едәуір бөлігі сот шешімдері негізінде мәжбүрлі тәртіппен алынған. Бұл – жерді мақсатсыз немесе тиімсіз пайдалануға жол берілмейтінінің айқын дәлелі.
Мамандардың айтуынша, қайтарылған жерлер бірінші кезекте ауыл шаруашылығы айналымына қайта тартылып, адал әрі тиімді жұмыс істейтін шаруаларға ұсынылады. Бұл өз кезегінде өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және ауыл халқының табысын арттыруға ықпал етеді.
«Жүргізіліп жатқан жұмыс жер қатынастары саласында заңдылықты қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы алқаптарын тиімді пайдалануды арттыруға және пайдаланылмай жатқан жерлерді экономикалық айналымға енгізуге бағытталған», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов.
Бүгінде Жол картасы аясындағы барлық іс-шаралар партиялық бақылауда. Жер ресурстарын тиімді басқару – Мемлекет басшысы айқындаған аграрлық саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Осы бағыттағы нақты нәтижелер Ақмола облысында жүйелі жұмыстың бар екенін көрсетеді.
Алдағы кезеңде де пайдаланылмай жатқан және заң талаптарына сәйкес келмейтін жер учаскелерін анықтау, оларды мемлекет меншігіне қайтару және экономикалық айналымға енгізу жұмыстары жалғасады. Бұл – ауыл шаруашылығы саласының орнықты дамуына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға негіз болмақ.
Дорожная карта партии «AMANAT»: в Акмолинской области возвращено 477,1 тыс. га сельхозземель
В рамках реализации предвыборной программы партии «AMANAT» на 2023–2027 годы в Акмолинской области продолжается системная работа по обеспечению эффективного использования сельскохозяйственных земель и возврату в государственную собственность незаконно предоставленных участков. Ключевым инструментом в данном направлении выступает деятельность комиссии «Жер Аманаты».
За 2023–2025 годы в регионе в государственную собственность возвращено 477,1 тыс. гектаров сельскохозяйственных угодий. Это составляет 106% от запланированных на трехлетний период 450 тыс. гектаров. Таким образом, намеченные показатели выполнены досрочно и с превышением.
В 2023 году возвращено 203,2 тыс. гектаров, что составило 101,6% от плана (200 тыс. га). Основаниями для возврата стали добровольный отказ землепользователей, истечение сроков аренды, изъятие для государственных нужд, судебные решения и отсутствие регистрации прав на земельные участки.
В 2024 году работа была продолжена: при скорректированном плане в 100 тыс. гектаров фактически возвращено 105 тыс. гектаров (105%). Основными причинами стали добровольный отказ, истечение срока аренды, отмена правоустанавливающих документов, принудительное изъятие и решения судов.
В 2025 году в государственную собственность возвращено 168,9 тыс. гектаров, что составляет 112,6% от скорректированного плана (150 тыс. га). Значительная часть земель изъята в принудительном порядке на основании судебных решений, что свидетельствует о принципиальном подходе к пресечению фактов нецелевого и неэффективного использования земель.
По словам председателя Акмолинского областного филиала партии «AMANAT» Берген Беспалинова, возвращенные участки в первую очередь вовлекаются в сельскохозяйственный оборот и предоставляются добросовестным и эффективно работающим аграриям. Это способствует развитию агропромышленного комплекса региона, созданию новых рабочих мест и повышению доходов сельского населения.
«Проводимая работа направлена на обеспечение законности в сфере земельных отношений, повышение эффективности использования сельхозугодий и вовлечение неиспользуемых земель в экономический оборот», — отметил он.
Все мероприятия Дорожной карты находятся на постоянном партийном контроле. Рациональное управление земельными ресурсами остается одним из ключевых приоритетов государственной аграрной политики.
В дальнейшем работа по выявлению неиспользуемых и предоставленных с нарушением законодательства земельных участков, их возврату в государственную собственность и вовлечению в экономический оборот будет продолжена. Это станет важным фактором устойчивого развития сельского хозяйства и укрепления социально-экономического потенциала региона.
