Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облысында су тасқынының алдын алу шаралары қарқынды жүргізілуде

Ақмола облысында су тасқынының алдын алу шаралары қарқынды жүргізілуде

Ақмола облысының аумағындағы өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізу аяқталды. Бұл мәліметпен Сандықтау ауданында өткен баспасөз турында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов бөлісті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сандықтау ауданының аумағын 2019 жылдың көктемгі кезеңіне дайындау үшін аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы, сондай-ақ, Балкашинодағы Жабай өзенінің төбесіндегі шұңқырларды кесіп тастауға сенбілік өткізілген. Аталған бағытта жұмыстар әлі де жалғасуда.

Жалпы, кестеге сәйкес жарылыс жұмыстары 4500 шаршы метр аумақта жүзеге асырылады жеп жоспарланған.

Сандықтау, Балкашино және Максимовка елді мекендеріндегі су тасқынының басталуымен Жабай өзенінің су деңгейін қадағалау үшін тәулік бойғы кезекшілік пен уақытша бақылау станциялары да орнатылған.

Су тасқыны кезінде зардап шеккен елді мекендердің медициналық мекемелері дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілген.

Осы іс-шаралар аясында Балкашино ауылының аумағынан көшелер мен аллеяларды тазарту және қар тазалау жұмыстары жүргізілуде.

«БВР техносервис» ЖШС бұрғылау және арнайы жарылыс жасау өндірісінің директоры Халил Ахметзяновтың айтуынша, өзендердегі жарылыс жұмыстары 13 наурыздан басталған. Күні бүгінге дейін бірнеше елді-мекенде жұмыстарын жүргізген бригада Балкашино мен Сандықтау жерінде шамамен 2000 шаршы метр мұз жарған. Айта кеткен жөн, өткен жылмен салыстырғанда биылғы қар 15-20 % көбірек. Сондықтан, су тасқыны да өткен жылға қарағанда қарқынды болуы мүмкін деп күтілуде.

12:54
2408
Нет комментариев. Ваш будет первым!