Медик-құтқарушылар жол апатынан зардап шеккен ер адамға көмек көрсетті
Медик-құтқарушылар жол апатынан зардап шеккен ер адамға көмек көрсетті
«Астана – Петропавл» автожолының 180-шақырымында, Бұланды ауданында, екі жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Соқтығысудың салдарынан «Газель» автокөлігінің жүргізушісі кабинада қысылып қалды.
Оқиға орнына келген Макинск трассалық медициналық-құтқару пунктінің медик-құтқарушылары арнайы авариялық-құтқару жабдықтарының көмегімен зардап шегушіні көліктен шығарып алды. Ер адамға арнайы медициналық көлікте алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ол орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Медики-спасатели оказали помощь мужчине после ДТП
На 180 км автодороги «Астана – Петропавловск» в Буландынском районе произошло дорожно-транспортное происшествие с участием двух грузовых автомобилей. В результате столкновения водитель автомобиля «Газель» оказался зажат в кабине.
Прибывшие на место происшествия медики-спасатели трассового медико-спасательного пункта города Макинск деблокировали пострадавшего с помощью аварийно-спасательного оборудования. После извлечения мужчине была оказана первая медицинская помощь в специальной медицинской машине, затем пострадавший доставлен в центральную районную больницу.
