Ақмола облысында 2025 жылдың 9 айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды
Ақмола облысы әкімдігінде өңірдің ағымдағы жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды. Отырыс облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өтті. Жиынға облыстық мәслихаттың төрағасы, аудан және қала әкімдері, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары қатысты.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 107,5% құрап, облыс республика бойынша 10-орынды иеленді. Экономиканың барлық негізгі салаларында оң өсу қарқыны байқалады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шүгірмақованың мәліметінше, аграрлық секторда жоспарланған 6,2%-дың орнына өсім 8,9% болып, өнім көлемі 770,4 млрд теңгеге жетті. Бұл, негізінен, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 11,8%-ға артуымен байланысты.
Өнеркәсіп саласында өңірдің дамуына тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындары елеулі үлес қосуда. Жалпы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,8 трлн теңгені, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 1,4 трлн теңгені құрады. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 77,5%-дан 80,7%-ға дейін өсті. Өсім Целиноград, Аршалы, Шортанды аудандарында және Көкшетау қаласында байқалады.
Инвестициялық белсенділік те тұрақты өсім көрсетуде. Жыл басынан бері облыс экономикасына 556,6 млрд теңге инвестиция салынды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Оның ішінде жеке инвестициялар шамамен 372 млрд теңгені немесе жалпы көлемнің 67%-ын құрады. Бюджеттік инвестициялар көлемі де артқан.
Алмагүл Шүгірмақова өз баяндамасында бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына да тоқталды. Өсімнің негізгі факторларының бірі – жергілікті мердігерлерді тарту және инфрақұрылымдық әрі әлеуметтік жобаларды іске асыру. Ең жоғары түсім өсімі Көкшетау және Қосшы қалаларында, сондай-ақ Бурабай мен Целиноград аудандарында байқалады.
Бюджеттің орындалу қорытындылары туралы қаржы басқармасының басшысы Татьяна Белая баяндама жасады. Оның айтуынша, бюджет қаражатының игерілуі жоспардың 96,7%-ын құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 0,4%-ға жоғары. 26 облыстық әкімшілендіру органының сегізі қаражатты толық көлемде игерген. Көкшетау қаласының, Жарқайың және Шортанды аудандарының әкімдіктері де қаражатты 100% игерген.
Өңір басшысы Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын орындаудың маңыздылығын атап өтті:
«Ең бастысы — инвестициялар нақты жұмыс істеуі керек, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтып, тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталуы қажет. Бізге қағаз жүзіндегі миллиардтаған инвестициялар емес, нақты нәтиже беретін жобалар қажет», — деді облыс әкімі.
Жиын қорытындысы бойынша әкімдікке салықтық және салықтық емес әкімшілендіруді жетілдіру, сондай-ақ бюджет қаражатын толық әрі тиімді пайдалану тапсырылды.

В Акмолинской области подвели итоги социально-экономического развития за 9 месяцев 2025 года
В акимате Акмолинской области состоялось заседание, на котором рассмотрены итоги социально-экономического развития региона за девять месяцев текущего года. Заседание прошло под председательством акима области Марата Ахметжанова. В его работе приняли участие председатель областного маслихата, акимы районов и городов, руководители управлений и территориальных департаментов.
По итогам отчетного периода краткосрочный экономический индикатор составил 107,5%, что соответствует 10 месту по республике. Положительная динамика наблюдается по всем основным направлениям экономики.
По информации руководителя управления экономики и бюджетного планирования Алмагуль Шугурмаковой, в аграрном секторе при плане 6,2% рост составил 8,9%, достигнув 770,4 млрд тенге. Это в основном обусловлено увеличением объемов продукции растениеводства на 11,8%.
В промышленности развитие региона во многом обеспечено стабильной работой предприятий горно-металлургического комплекса. Общий объем промышленной продукции достиг 1,8 трлн тенге, из которых 1,4 трлн тенге приходится на обрабатывающую промышленность. При этом доля обрабатывающего сектора выросла с 77,5% до 80,7%. Рост показателей отмечен в Целиноградском, Аршалынском, Шортандинском районах и в городе Кокшетау.
Инвестиционная активность также демонстрирует устойчивый рост. С начала года в экономику области вложено 556,6 млрд тенге, что в 1,5 раза превышает уровень аналогичного периода прошлого года. Из них частные инвестиции составили около 372 млрд тенге или 67% от общего объема. Отмечается и увеличение бюджетных инвестиций.
В своем докладе Алмагуль Шугурмакова также остановилась на исполнении доходной части бюджета. Одним из факторов роста стало привлечение местных подрядчиков и реализация инфраструктурных и социальных проектов. Наибольший рост поступлений зафиксирован в городах Кокшетау и Косшы, а также в Бурабайском и Целиноградском районах.
С информацией по исполнению бюджета выступила руководитель управления финансов Татьяна Белая. Освоение бюджетных средств составило 96,7% от планового показателя, что выше уровня прошлого года на 0,4%. Из 26 областных администраторов восемь управлений освоили средства в полном объеме. Среди районов стопроцентное освоение достигнуто в акиматах города Кокшетау, Жаркаинского и Шортандинского районов.
Аким области Марат Ахметжанов подчеркнул важность реализации поручений Главы государства по улучшению качества жизни населения и привлечению инвестиций:
«Главное, чтобы эти инвестиции работали, увеличивали доходную часть бюджета и создавали постоянные рабочие места. Нам не нужны миллиардные инвестиции на бумаге, которые не приносят реальной пользы», — отметил глава региона.
По итогам заседания акимата поручено продолжить работу по совершенствованию налогового и неналогового администрирования, а также обеспечить полное и эффективное использование бюджетных средств в рамках действующего законодательства.
