Мошенники стали звонить предпринимателям и представляться сотрудниками санитарной службы
Құрметті кәсіпкерлер!
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өзін санитариялық қызмет өкілдері ретінде таныстыратын бейтаныс тұлғалардың алаяқтық әрекеттері анықталғанын хабарлайды.
Белгісіз адамдар кәсіпкерлік субъектілеріне телефон шалып, өздерін санитариялық қызмет мамандары ретінде таныстырып, алдағы тексерулер туралы хабарлап, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда кәсіпкерлік нысандарының жұмысы тоқтатылуы мүмкін екендігін айтып, қорқытады. Сондай-ақ олар тексеруді болдырмау немесе оң қорытынды алу үшін белгілі бір ақша қаражатын аудару арқылы «мәселені шешуді» ұсынады.
Мұндай деректер Көкшетау және Қосшы қалаларында тіркелді.
Осыған ұқсас жағдайлар орын алған жағдайда, дереу Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне 8 (7162) 26-55-88 телефоны арқылы хабарлауыңызды немесе аумақтық басқармаларға жүгінуіңізді қатаң түрде ұсынамыз.
Уважаемые предприниматели!
Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Акмолинской области информирует о зафиксированных случаях мошенничества, связанных с действиями неизвестных лиц, представляющихся сотрудниками санитарной службы.
Злоумышленники совершают телефонные звонки субъектам предпринимательства, выдавая себя за работников санитарной службы. Они уведомляют о якобы предстоящих проверках объектов, сообщают о возможности нанесения значительного ущерба в случае выявления нарушений (вплоть до приостановления деятельности), а также предлагают «урегулировать вопрос» посредством перевода денежных средств в обмен на отмену проверки или предоставление положительного заключения. Подобные факты выявлены в городах Кокшетау и Косшы.
В случае возникновения аналогичных ситуаций настоятельно рекомендуем незамедлительно сообщать в Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Акмолинской области по телефону: 8 (7162) 26-55-88, либо обращаться в территориальные управления санитарно-эпидемиологического контроля.
