Көкшетаудағы NIS қызметкері жаңа кәсіби бағдарлау әдістемелік құралға авторлық құқық алды
Көкшетаудағы NIS қызметкері жаңа кәсіби бағдарлау әдістемелік құралға авторлық құқық алды
Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдерге арналған құнды жаңа ресурс пайда болды — кәсіби бағдарлау үйірмесінің жетекшісі әрі педагогика магистрі Гульжан Нургасимова «Профориентация учащихся: эффективное планирование и комплексный подход» атты әдістемелік құралға авторлық құқыққа ие болды. Бұл кітап мектеп оқушыларына кәсіби таңдауда саналы шешім қабылдауға көмектесетін мамандарға арналған сапалы әрі тәжірибелік әдебиетке деген сұраныстың нақты жауабы болып табылады.
NIS жүйесінде 15 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан Гульжан Нургасимова кәсіби бағдарлауды білім саласындағы маңызды бағыт ретінде дамытуға өз уақытын арнаған. Оның айтуынша, бұл жол педагогтердің профильдік материалдардың аздығын және қажеттілігін түсінуден басталған.
«Кәсіби бағдарлау — жай жұмыс бағыты ғана емес. Бұл менің өмірлік ісім», — дейді ол.
АҚШ пен Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтуі, республикалық және халықаралық конференцияларға қатысуы арқылы ол ерекше тәжірибе жинап, әлемдік үздік тәжірибелерді Қазақстан мектептеріне бейімдеуге мүмкіндік алды.
Жаңа әдістемелік құрал – заманауи әрі уақытпен тексерілген құрал. Онда практикалық әдістер, ойын технологиялары және диагностикалық құралдар жинақталған, бұл мұғалімдерге оқушылармен тиімді жұмыс істеуге көмектеседі. Негізгі мақсат – оқушыларда кәсіби таңдауға саналы әрі ынталы көзқарас қалыптастыру, бұл әсіресе еңбек нарығының үнемі өзгеріп отыратын жағдайында маңызды.
Сараптамалық қауымдастық бұл басылымды жоғары бағалады. Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарынан педагогика ғылымдарының докторлары мен магистрлері әдістемелік құралдың ғылыми негізділігі мен тәжірибелік маңыздылығын растады. Бұл құрал кәсіби бағдарлау саласында жаңадан келген мұғалімдерге де, тәжірибелі мамандарға да сенімді қолдау бола алады.
«Қазақстанда жүйелі кәсіби бағдарлау жұмыстары тек екі жыл бұрын қарқынды дами бастады. Біз мұғалімдер арасында сауалнама жүргіздік, олардың әдістемелік материалдар мен қолдаудың жетіспейтінін анықтадық. Бұл әдістемелік құрал — нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруға және практикалық мәселелерді шешуге бағытталған еңбектің нәтижесі», — дейді Гульжан Нургасимова.
Сотрудница NIS Кокшетау получила авторское право на новое методическое пособие по профориентации
В Назарбаев Интеллектуальной школе города Кокшетау появился новый ценный ресурс для педагогов — руководитель кружка по профориентации и магистр педагогических наук Гульжан Нургасимова получила авторское право на методическое пособие «Профориентация учащихся: эффективное планирование и комплексный подход». Эта книга стала ответом на насущную потребность в качественной и практичной литературе для специалистов, которые помогают школьникам сделать осознанный выбор профессии.
Работая в системе NIS уже более 15 лет, Гульжан Нургасимова посвятила себя развитию профориентации как важного направления в образовании. По её словам, этот путь начинался с осознания нехватки профильных материалов и запросов со стороны педагогов.
«Профориентация — это не просто направление работы. Для меня это дело жизни», — рассказывает она.
Благодаря стажировкам в США и Южной Корее, а также участию в республиканских и международных конференциях, ей удалось собрать уникальный опыт и адаптировать лучшие мировые практики для казахстанских школьников.
Новое пособие представляет собой современный и проверенный временем инструмент. В нём собраны практические методики, игровые технологии и диагностические инструменты, которые помогают педагогам эффективно работать с учениками. Основная задача — сформировать у школьников осознанный и мотивированный подход к выбору профессии, что особенно важно в условиях динамично меняющегося рынка труда.
Экспертное сообщество высоко оценило издание. Ведущие специалисты — доктора и магистры педагогических наук из авторитетных казахстанских вузов — подтвердили научную обоснованность и практическую ценность пособия. Это означает, что оно может стать надёжной опорой как для начинающих педагогов, так и для тех, кто уже имеет опыт работы в сфере профориентации.
«В Казахстане системная профориентация начала активно развиваться всего два года назад. Мы проводили опрос среди педагогов и увидели, что им не хватает методических материалов и поддержки. Это пособие — результат работы, направленной на удовлетворение реальных потребностей и решение практических задач», —отмечает Гульжан Нургасимова.
