Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Боран атты қызметтік иттің ізімен:Степногорск полициясында иттің көмегімен қарақшылық қылмыс ашылды

​Боран атты қызметтік иттің ізімен:Степногорск полициясында иттің көмегімен қарақшылық қылмыс ашылды

Степногорск қаласының полиция басқармасына жергілікті кәсіпкер әйел қарақшылық туралы арызбен жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз ер адам кешкі уақытта дүкеннен 24 банкасы бар сыра жәшігін ашық түрде ұрлап кеткен.

Зардап шеккен әйелдің сөзінше, залал мөлшері аса үлкен болмағанымен, шағын кәсіпкер ретінде ол үшін бұл – үлкен шығын. Әйел күдіктіні көріп, оны тоқтатуға тырысқанын, «Тоқта!» деп айқайлағандарын, алайда ер адам бұған мән бермей, оқиға орнынан қашып кеткенін айтты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметтік Боран атты итті қолданды. Ит ізіне түсіп, көп ұзамай жедел уәкілдерді күдіктінің үйіне алып келді. Айғақ заттарды ұзақ іздеудің қажеті болмады: терезе маңынан және пәтер ішінен ұрланған сыраның бос банкалары табылды.

Кинологтардың кәсібилігі мен қызметтік иттердің жұмысының арқасында биылғы жылдың өзінде Ақмола облысында 281 қылмыс ашылды. Қазіргі уақытта өңірде 36 арнайы үйретілген ит қызмет етеді. Полиция азаматтарға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіріп, құқық қорғау органдары тіпті ұсақ құқық бұзушылықтардың да назардан тыс қалмайтынын еске салады.

Степногорск қаласының полициясы азаматтарға уақтылы хабарласқаны және құқық бұзушылықтарды ашуға көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдіреді. Құқық қорғау органдары: шығын мөлшеріне қарамастан, әрбір заң бұзушылық тиісті құқықтық бағасын алады, жазасыздық болмайды – деп атап өтеді.

11:22
117
Нет комментариев. Ваш будет первым!