Табиғатты қорғау – әр адамның міндеті
Орман – Жер-ананың тынысы, тіршілік иелерінің мекені. Ағаштар ауаны тазартып, климатты реттейді, ал орман ішінде мыңдаған жануарлар мен құстардың өмірі өрбиді. Сондықтан орманды сақтау – болашақты сақтау.
Орман өрті – орны толмас қасірет
Соңғы жылдары елімізде орман өрттері жиілеп кетті. Бұған көбінесе адамдардың салғырттығы себеп. Демалысқа шыққан кезде сөндірілмей қалған от, тасталған темекі тұқылы немесе шыны бөтелке – бәрі де өрттің басталуына әкелуі мүмкін. Бір-ақ сәтте тұтанып, гектарлап жасыл желекті жалмап кететін алапат өрт тек табиғатқа емес, адамдарға да зор зиян келтіреді.
Тазалық – табиғаттың амандығы
Орманға демалуға келген әр адам өзінен кейін қоқыс қалдырмаса, табиғатқа жасаған үлкен жақсылығы болар еді. Пластик бөтелкелер, пакет, тағам қалдықтары орман экожүйесіне үлкен қауіп төндіреді. Бұл қоқыстар ұзақ уақыт шірімей, топырақ пен суды улайды, жануарлар үшін де зиян.
Ағаш кесу – табиғатқа жасалған қиянат
Ағаш – тек құрылыс материалы немесе отын емес. Ол – тіршілік көзі. Әрбір кесілген ағаш – кемінде 10-15 жылда ғана орны толатын табиғи байлық. Қазір елімізде заңсыз ағаш кесу үшін қатаң жаза қарастырылған. Бірақ ең бастысы – әр адамның ішкі жауапкершілігі мен табиғатқа деген сүйіспеншілігі.
Не істеуіміз керек?
Қорытынды
Орман – халқымыздың баға жетпес байлығы. Оны сақтау – баршамыздың азаматтық борышымыз. Ертеңгі ұрпаққа көгалды, көрікті табиғатты аманаттау үшін бүгіннен бастап әрекет етуіміз қажет. Тазалықты сақтайық, ағашты қорғайық, өртке жол бермейік!
«Әулиебұлақ-1» ЖШС, Бектұров Н.С.
