Ualikhanov University "Study in Kazakhstan" жобасында
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізді Орталық Азияның академиялық хабы ретінде ілгерілетуге, білім беру қызметтерінің экспортын дамытуға, сондай-ақ отандық жоғары білім беру жүйесінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Study in Kazakhstan" жүйелі жобасын іске асыруда.
"Study in Kazakhstan" жобасының негізгі нысаналы көрсеткіші, ең алдымен, 2028-2029 оқу жылына қарай Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттер санын ағымдағы 31,5 мыңнан 100 мың адамға дейін ұлғайту болып табылады.
Ағымдағы жылы Ualikhanov University өкілдері Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы және Пәкістандағы "Study in Kazakhstan" көрмелеріне қатысты.
ЖОО өкілдері қатысушыларға университетке түсу процесі, оның ішінде стипендиялық бағдарламалардың болуы және гранттар алу туралы толық және өзекті ақпаратты ұсынды.
"Study in Kazakhstan" - бұл шетелдік талапкерлер үшін Қазақстандық жоғары оқу орындарымен танысуға және оқуға түсу туралы көптеген пайдалы ақпаратты білуге бірегей мүмкіндік.

