100 лет со дня рождения выдающегося Учителя
Ұлы ұстазға – 100 жыл. Өздембаев Мәннәп Абдоллаұлына арналған естелік.
2025 жылдың 20 мамырында Қазақ КСР-і мен КСРО-ның еңбек сіңірген ұстазы, еңбек ардагері, шынайы патриот, Сүйіндік руының ардақты өкілі Өздембаев Мәннәп Абдоллаұлының дүниеге келгеніне100 жыл толды.
Әр халықтың тарихында есімі мәңгілікке ел жадында сақталатын тұлғалар болады. Бұл — өмірін еліне қызмет етуге, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге, халқының намысы мен рухын сақтауға арнаған жандар. Сондай асыл да, абзал тұлғалардың бірі -Өздембаев Мәннәп Абдоллаұлы. Ол – еңбегімен елге танылған ұстаз, еңбек ардагері, шын мәніндегі патриот.Білім жолында еңбек еткен ел азаматтары қашанда ұмытылмасы анық.
Дала рухын бойына сіңірген Мәннәп Абдоллаұлы 1925 жылы 20 мамырда Ақмола облысы, Тайтөбе ауылында дүниеге келген. Әкесі Абдолла – ауылдың сыйлы ақсақалы, анасы Күләнда – кең жүректі, мейірімді, парасатты ана еді. Ата-анасының тәрбиесінің арқасында бойына адалдық, еңбекқорлық, білімге деген сүйіспеншілік пен құштарлық сияқты құндылықтардысіңіре білді.
Жастайынан туған жердің еңбекке баулитын ортасында өскен Мәннәп жеті жылдық мектепті аяқтап, педагогикалық училищеге түсіп, ағартушылық жолына дайындалады. Алайда басталған Ұлы Отан соғысы жас Мәннәптің өмір жолын өзгертті. Ол тылда қалып ауыл шарушалығында аянбайеңбек етіп,елдіңқорғанысын нығайтуға, майданда жүрген жауынгерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету жолында орасанзор үлесін қосты.
Соғыс жылдарындағы тылдағы еренеңбегі үшін Мәннәп Абдоллаұлы келесі мемлекеттік марапаттарға ие болды:
•«1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін» медалі,
•КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының медалі (1946 ж.)
•«Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі (1957 ж.)
•Ұлы Отан соғысының 30, 40 және 50 жылдық мерейтойлық медальдары.
1944 жылдан бастап Мәннәп Абдоллаұлы оқу-ағарту ісіне адал қызмет етіп, педагогикалық қызметін бастады. Ол Ағанас, Шнет, Шалқар ауылдық мектептерінде мұғалім болып еңбек етті. 1946 жылы Ақмола педагогикалық училищесіне түседі, кейін 1952 жылыҚарағанды қаласындағы“В. М. Молотов атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында” білім алып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерді.
1961–1985 жылдар аралығында, зейнеткерлікке шыққан уақытқа дейін кіндік қаны тамған Тайтөбе ауылындағы мектептің директор қызметін атқарды. Ол – білікті ұстаз, тәлімгер, беделді басшы ретінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға өмірін арнады. Оның жетекшілігімен бірнеше буын білімді, адал, еңбекқор шәкірттер тәрбиеленді. Оқушылары бүгінде елдің әр түкпірінде қызмет етіп жүрсе де, бәріде ұстаздарын жылы ықыласпен еске алады.
Білім беру саласындағы елеулі еңбегі үшін келесі марапаттарға ие болды:
•Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі белгісі (1979 ж.)
•КСРО Халық ағарту ісінің үздігі белгісі (1985 ж.)
•«Еңбек ардагері» медалі (1985 ж.)
Мәннәп Абдоллаұлы тек ұстаз ғана емес, белсенді қоғам қайраткері де болды. 1957 жылдан бастап КПСС мүшесі, Қосшы ауылдық кеңесінің депутаты, XXXV партия конференциясының делегаты атанды. Қоғамда беделі жоғары болып, халық оның пікіріне құлақ асып, терең құрметпен қарады.
1945 жылы Мәннәп Абдоллаұлы Темірғалиқызы Кәмиләшқа үйленіп, он бала тәрбиелеп, берік әрі тату-тәтті отбасын құрды. Бүгінде олардың әулетінде27 немере, 57 шөбере, 3 шөпшекбар. Барлығы да ата-әжесінің есімін мақтанышпен еске алып,тәлімін жалғастырып келе жатқан абыройлы ұрпақтар.
Мәңгі өшпейтін есім Мәннәп Абдоллаұлы 1998 жылы 73 жасында дүниеден өтті. Алайда ол туралы естелік ел жадында әлі күнге дейін сақтаулы. Оны құрметпен еске алатын ұрпақтары, шәкірттері, әріптестері, ауылдастары мен жалпы халық. Ол – мейірімділіктің, адалдықтың, еліне деген шынайы сүйіспеншіліктің символына айналды.
Оны жақын танығандар «Еліне елеулі, халқына қалаулы» — деп еске алады. Жеке таныс болмаса да, оның өмір жолымен танысқандар оны білікті ұстаз, шынайы азамат ретінде танып, есінде сақтайды. Оның есімі — қазақ елінің нағыз ұлы ретінде халық жадында мәңгі сақталады.
Ұстаз рухына.
Тұлға еді елге үлгі, сөзі дана,
Шәкірттерін жетелеген армандарға.
Қалам ұстап, білім нәрін үйреткен
Басымды иіп, тағзым еттім ұстазға.
Өтті өмір — еңбекпенен, абырой,
Жаны таза, жүрегі кең, даңғыл ой.
Сүйіндік руы мақтанады сенімен,
Ұрпақтарын жалғастырар ізіңнен.
Із қалдырдың қанша шәкірт оқытып,
Бойларына ар мен білім тоқытып.
Халық сені ұмытпайды біліп қой.
Тұрса дағы қанша ғасыр, жыл өтіп.
100 лет со дня рождения выдающегося Учителя.
Посвящается памяти Өздембай Мәннәп Абдоллаұлына
20 мая 2025года исполнилось бы 100 лет заслуженному учителю Казахской ССР и СССР, ветерану труда, настоящему патриоту и достойному представителю рода Сүйіндік— Өздембай Мәннәп Абдоллаұлы.
В истории каждого народа есть имена, которые остаются в сердцах людей навечно. Это люди, посвятившие свою жизнь служению Родине, воспитанию подрастающего поколения, сохранению чести и духа своего народа. Одним из таких светлых и достойных личностей был Өздембай Мәннәп Абдоллаұлы — почётный учитель, ветеран труда, настоящий патриот и человек с большой буквы.
Мәннәп Абдоллаұлы родился 20 мая 1925 года в Акмолинской области в селе Тайтобе. С самого детства он был окружён любовью и заботой мудрых родителей. Его отец Абдолла был уважаемым аксакалом,а мама Куләнда доброй и мудрой женщиной. Семья воспитала в нем нём такие ценности, как честность, стойкость , трудолюбие и любовь к знаниям.
С юных лет Мәннәп впитал в себя трудовую закалку родной земли. Окончив семилетнюю школу и поступив в педагогическое училище, он готовился посвятить себя делу просвещения. Но начавшаяся Великая Отечественная война изменила планы юного Мәннәпа — он не задумываясь, стал работать в тылу на благо Родины.
За самоотверженный труд в годы войны Мәннәп Абдоллаұлы был награждён государственными наградами:
•Медалью «За освоение целинных земель» от имени Президиума Верховного Совета СССР в 1957 года
Медалями к 30‑, 40‑ и 50‑летию В Великой Отечественной войне от имени Президиума Верховного Совета СССР
С 1944 годаМәннәп Абдоллаұлы начал свою педагогическую деятельность. Он работал учителем в сельских школах Аганас, Шнет, Шалкар. В 1946 году поступил в Акмолинское педагогическое училище, а затем в 1952году продолжил обучение в Казахском государственном педагогическом институте имени В. М. Молотова, где получил специальность учителя казахского языка и литературы.
С 1961 по 1985 год Мәннәп Абдоллаұлы возглавлял школу в родном Тайтобе был директором, педагогом, наставником и авторитетом.Он посвятил всю жизнь преподаванию казахского языка и литературы, вёл детей по дороге знаний, раскрывая перед ними богатство родного слова. За годы своей работы он воспитал не одно поколение образованных, честных и трудолюбивых учеников.
Труд Мәннәп Абдоллаұлы по достоинству оценён:
В 1945 году Мәннәп Абдоллаұлы связал свою судьбу с Темиргалиевой Кәмиләш. Вместе они воспитали десятерых детей и стали крепкой опорой для своей семьи. Их союз стал основой для большой династии: сегодня память о них продолжают 27 внуков, 57 правнуков и 3 праправнука.
Мәннәп Абдоллаұлы ушёл из жизни в 1998 году, в возрасте 73 лет. Но имя его не ушло с ним. Оно живёт в сердцах учеников, односельчан и в истории родного края. Он был больше, чем просто учитель — он был совестью народа, примером того, каким должен быть настоящий казах, достойный сын рода Сүйіндік.