Кокшетаудағы NIS оқушылары — WRO-2025 аймақтық кезеңінің үздіктері
Көкшетаудағы NIS-те WRO-2025 робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңі өтті. Олимпиадаға өңірдің 36 командасы қатысты, оның ішінде 16 команда Көкшетаудағы NIS таныстырды. Қатысушылар «Роботтардың болашағы» тақырыбында Future Innovators, Future Engineers, RoboMission және RoboSports санаттарында бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша Көкшетаудағы NIS оқушылары 4 бірінші орын, 1 екінші орын және 7 үшінші орын иеленіп, инженерлік ойлау қабілеттері мен креативті шешім табу дағдыларын жоғары деңгейде дәлелдеді.
Оқушылардың жобалары заманауи технологиялық идеяларды ғана емес, нақты әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге деген ұмтылысты да көрсетті. Мысалы, 9-сынып оқушылары Мугжанова Жаннұр мен Нұрболатқызы Алуа микропластиктен суды тазартуға арналған екі сатылы сүзгі жобасын таныстырды.
«Қазіргі ең кең таралған мәселе — судың микропластикпен ластануы. Біз екі сатылы сүзгі ойлап таптық: бірінші сатында ірі қоқыстар ұсталып қалады, ал екінші сатысында нейлон қолданылып, микропластик жиналады. Осылайша, судың ластануы айтарлықтай азаяды», — деп бөлісті олар.
Басқа қатысушылар қарт адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне назар аударды. 5-сынып оқушылары Аубакирова Алира, Жаровая Жания және Безгачева София түстік сәйкестендіру негізіндегі дабыл жүйесін ұсынды.
«Қарт адам өзін жайсыз сезінгенде көмек сұрай алмай қалуы мүмкін. Сондықтан біз қарапайым шешім ұсындық: қызыл түсті көрсетсе, жүйе бірден дабыл береді. Қызыл түс әрдайым назар аудартатын белгі болған. Бұл жобамыз қарттарға үйде, ауруханада және қарттар үйінде өзін қауіпсіз сезінуге көмектеседі», — деп атап өтті оқушылар.
Бұл жобалар WRO-2025 негізгі идеясын айқын көрсетті — заманауи технологияларды қолданып, өмір сапасын жақсарту және болашақты бүгіннен бастап жақындату.
Айта кетейік, аймақтық кезең жеңімпаздары алдағы уақытта Шымкент қаласында өтетін WRO республикалық кезеңінде Ақмола облысы мен NIS Көкшетаудың намысын қорғайтын болады.
NIS Кокшетау лидирует на региональном этапе Всемирной Олимпиады по робототехнике
В NIS Кокшетау прошёл региональный этап Всемирной олимпиады по робототехнике WRO-2025, объединивший 36 команд со всего региона. Из них 16 команд представляли NIS Кокшетау. Участники соревновались в четырёх категориях: Future Innovators, Future Engineers, RoboMission и RoboSports, представляя инновационные решения под темой «Будущее роботов».
По итогам соревнований, ученики NIS Кокшетау завоевали 4 первых, 1 второе и 7 третьих призовых мест, подтвердив высокий уровень подготовки, инженерного мышления и креативного подхода к решению современных проблем с помощью робототехники.
Проекты участников не только отражали передовые технологические идеи, но и стремление решать реальные социальные и экологические проблемы. Так, ученицы 9 класса Мугжанова Жаннұр и Нұрболатқызы Алуа рассказали о своей разработке двухступенчатого фильтра для очистки воды от микропластика.
«Сейчас самая распространенная проблема – это загрязнение микропластиком. Мы придумали фильтр, первая ступень которого задерживает крупный мусор, а вторая – с использованием нейлона — собирает микропластик. Таким образом, загрязнение воды значительно сократится», — поделились школьницы.
Другие участники обратили внимание на вопросы безопасности пожилых людей. Ученицы 5 класса Аубакирова Алира, Жаровая Жания и Безгачева София разработали проект системы тревожной сигнализации на основе цветовой идентификации.
«Если пожилому человеку стало плохо, и он не может позвать на помощь, нужно простое решение. Мы предложили использовать красный цвет для подачи сигнала тревоги. Наша система поможет пожилым людям чувствовать себя в безопасности — дома, в больнице или в доме престарелых», — отметили авторы проекта.
Эти работы ярко продемонстрировали основную идею WRO-2025 — использовать технологии для улучшения качества жизни и делать будущее доступным уже сегодня.
Отметим, победители регионального этапа отправятся представлять Акмолинскую область и NIS Кокшетау на республиканском этапе WRO, который пройдёт в городе Шымкент.