Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Сақиналар әміршісі» және «Бэтмен» актері Comic Con Astana-ның басты хэдлайнері болады

«Сақиналар әміршісі» және «Бэтмен» актері Comic Con Astana-ның басты хэдлайнері болады

Аты аңызға айналған Голлум, Сноук және Цезарь Астанаға келеді: Энди Серкис 2025 жылы Comic Con Astana Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалінің лайнапындағы алғашқы Голливуд жұлдызы болды.

Comic Con Astana ұйымдастырушылары 2025 жылғы фестивальдің бірінші хэдлайнерінің атын жариялады. Ол британдық актер, режиссер және қозғалысты ұстап қалу шебері, кинодағы цифрлық кейіпкерлерді қабылдауды мәңгілікке өзгерткен әртіс —Энди Серкис.

Энди Серкис «Сақиналар әміршісі» трилогиясындағы Голлум, «Маймылдар планетасындағы» Цезарь, «Жұлдызды соғыстардағы» жоғарғы көшбасшы Сноукты, сондай-ақ «Бэтмен»(2022) фильміндегі Альфред рөлдерімен бүкіл әлемге танымал болды.

Бұдан басқа, ол Питер Джексонның аттас ремейкіндегі Кинг-Конг рөлімен, «Андор» сериалындағы Кино Лой рөлімен, Marvel кино әлеміндегі Улисс Кло рөлімен, «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» және «Қара Пантера» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал.

Ол motion capture технологиясының негізін салушы болып саналады және BAFTA және MTV Movie Awards, сондай-ақ Эмми және Алтын Глобус номинациялары сияқты бірқатар беделді марапаттарға ие болды.

Актерлік мансабынан басқа, Серкис режиссер ретінде де танылды: ол «Веном 2»,«Маугли» және «Біз үшін дем ал» әсерлі драмасын түсірді. 2027 жылы «Сақиналар әміршісі: Голлумды аулау» фильмінің шығуы жоспарланған, онда Серкис режиссер болады және тағы да Дж.Р.Р.Толкин эпопеясының кейіпкерін ойнайды. Оның The Imaginarium студиясы қозғалысты ұстап қалу технологиясына және CGI кейіпкерлерін жасауға маманданған әлемдегі алғашқы студиялардың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, Comic Con Astana — кино, комикстер, аниме, бейне ойындар, косплей және фан-контентті біріктіретін Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі. 2025 жылы конвент 9-13 шілде аралығында «Астана Арена» және «Барыс Аренада» өтеді.

Өткен жылы фестивальдің хэдлайнерлері Мадс Миккелсен («Ганнибал», «Доктор Стрэндж», «Жұлдызды соғыстар») және Перси Хайнс Уайт («Уэнсдэй», «Дарындылар») болды. Алдыңғы жылдары іс-шараның хэдайнерлері ретінде Пилу Асбек, Шон Ганн, Майкл Рукер және т.б. қатысты.

Comic Con Astana 2019 жылы Конгресс-орталықтағы камералық үш күндік іс-шарадан 2025 жылы бес күн бойы жалғасатын және бір мезгілде алғаш рет екі ауқымды алаңды алып жатқан Орталық Азияның ірі гик-форумына дейінгі жолды еңсерді. Бұл жай ғана өсу емес, фестивальдің жаңа деңгейдегі халықаралық платформаға толыққанды трансформацияланғанын көрсетеді.

Биылғы бағдарламада – голливуд жұлдыздарымен қолтаңба-сессиялар мен Q&A, эксклюзивті трейлерлер мен премьералар, халықаралық студиялар мен брендтердің көрмелері мен тұсаукесерлері, жүлде қоры 15 000 000 теңге болатын ТМД-дағы ең ірі косплей конкурсы.

Бағдарлама әлі де қалыптасуда, алда көптеген үлкен хабарландырулар бар. Қазірдің өзінде арнайы қонақ видеолары миллиондаған қаралым жинайтын YouTubе жұлдызы Qewbite болатыны белгілі.

Сондай-ақ, фестивальге Metal Family комедиялық-драмалық анимациялық веб-сериясының әзірлеушілері Алина Ковалева мен Дмитрий Вдовенко қатысады.

14:48
76
Нет комментариев. Ваш будет первым!