TikTok, ChatGPT, сынып тақтасы: Қазақстан мұғалімдеріне жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйретпек
TikTok, ChatGPT және сынып тақтасы: Қазақстан мұғалімдеріне жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйретпек
25 сәуірде Алматы қаласында, Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің (АГЭУ) жанында «Мастер-мұғалім: цифрлы трансформация және жасанды интеллект» атты мұғалімдерге арналған Teacher’s Summit атты практикалық уоркшоп өтеді. Бұл – жай ғана кәсіби мамандар кездесуі емес, мектепті жаңа технологиялар дәуіріне бейімдеудің нақты қадамы.
Биылғы Teachers’ Summit шарасының бас серіктесі — Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті (АГЭУ).
АГЭУ – заманауи білім мен ғылымның тоғысқан ордасы. 2021 жылы танымал екі жоғары оқу орнының стратегиялық бірігуі нәтижесінде құрылған. Бүгінде Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінде 9 500 астам студент білім алып жатыр, бұл көрсеткіш оқу орнын еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан білім беру орталықтарының бірі етеді. АГЭУ бакалавриат пен магистратура деңгейлерінде 39 білім беру бағдарламасын ұсынады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара қазіргі заман талабына сай, өзгерістен қорықпайтын, технология мен жасанды интеллекті сыныпта тиімді пайдаланып, қатерлер мен мүмкіндіктерді түсінетінмұғалімдерге арналған. АГЭУ тек алаң ұсынып қана қоймай, іс-шараның бірлескен ұйымдастырушысы ретінде де белсенді қатысып, университеттің озық білім беру шешімдерінің орталығы екенін растайды.
Бүгінде ChatGPT мектептегі күнделік секілді үйреншікті құралға айналған заманда, мұғалімдер көптеген жаңа сұрақтарға бетпе-бет келеді: Оқушылар қажеттілігіне бейімделген сабақ қалай құрастырылады? Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру үшін ЖИ-ді қалай пайдаланса болады? Технологияны енгізе отырып, бала мен мұғалім арасындағы шынайы байланысты қалай сақтап қалуға болады?
Уоркшоп аясында келесі тақырыптар қозғалмақ:
●Жасанды интеллект пен нейрожелілерді білім беру процесінде қолдану жолдары
●TikTok пен басқа да платформаларды оқушыларды ынталандыру құралы ретінде пайдалану
●Мектепте ЖИ қолдану кезіндегі этика мен қауіпсіздік мәселелері
●Білім беруді жекелендіру және ойын тәсілдерін ендіру
Спикерлер— халықаралық және ұлттық деңгейдегі тәжірибелі сарапшылар:
●Андрей Комиссаров — Синергия Корпорациясының жасанды интеллект бойынша проректоры, 20.35Университетінде «Деректер негізіндегі адам дамуы» бағытының директоры, «Юна» жекеменшік мектебінің тең құрылтайшысы және «Ойын арқылы білім беру» коммерциялық емес қорының негізін қалаушы. Білім беру саласындағы цифрлық трансформация бойынша 15 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы, Ресей мен шетелдегі жетекші университеттер мен жекеменшік мектептердің кеңесшісі. «Білім берудегі ЖИ» атты кітаптың Ресей тарауының авторы.
●Сергей Ловягин — Ресейдің еңбек сіңірген ұстазы, Педагогика ғылымдарының кандидаты, жаратылыстану ғылымдарын оқыту және педагогикалық дизайн саласының сарапшысы. «Хорошкола» мектебіндегі STEM кафедрасының меңгерушісі және Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің (МГПУ) физика және STEM-оқыту бойынша магистратура бағдарламасының жетекшісі. «Феномен» қызықты ғылым мұражайының және ғылыми-технологиялық орталықтың негізін қалаушы. Оқу құралдарының авторы, 20-дан астам ғылыми-әдістемелік жарияланымдары мен көрнекі білім беру ортасын дамыту бойынша Ресей Білім және ғылым министрлігі жобаларының жетекшісі. «Мәскеудің жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы.
●Татьяна Белоусова — 2024 жылғы «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық Сыйлығының иегері, Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі.
●Мирлан Жүсіпбаев — «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық Сыйлығының финалисті,Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің сарапшы-мұғалімі.
Уоркшоп соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, ЖИ бойынша онлайн-курста оқуды жалғастыру мүмкіндігі болады.
Анықтама үшін:
Teachers’ Summit – Қазақстанда жыл сайын Nobel Fest қолдауымен өтетін халықаралық білім беру бастамасы. Мұнда түрлі елдерден келген педагогтер мен сарапшылар білім саласындағы үздік тәжірибелермен бөлісіп, жаңа идеяларды талқылайды.
Өтетін уақыты: 2025 жылы 25 сәуірде
Өтетін орны: Алматы қаласы, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті (АГЭУ)
Форматы: офлайн, алдын ала тіркелу арқылы
Қосымша ақпарат пен БАҚ аккредитациясы үшін:
Инкар — +7 701 999 28 19