Қазақстанда картоп бағасын тұрақтандырудың биржалық тәсілі ұсынылды
Қазақстанда азық-түлік бағасы, оның ішінде картоп бағасыөсіп жатқан тұста «Каспий» тауар биржасы биржалық сауда құралдарын, атап айтқанда фьючерстік келісімшарттарды пайдалана отырып, нарықты реттеудің жаңа моделін енгізуді ұсынды. Бұл ұсынылған тәсілді мемлекеттік органдардың белсенді қатысуынсыз іске асыру мүмкін емес. Осыған байланысты биржа басшылығы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне және ҚР сауда және интеграция министрлігіне хатжолдады.
Ұсыныс Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің бағаны тұрақтандыру жөніндегі кеңесте белгілеген картоп бағасына қатысты соңғы сынға қатысты дайындалды.
Тексерулер көрсеткендей, бірқатар аймақтарда картоптың тұрақтандыру қорларының нақты көлемі мәлімделгеннен бірнеше есе төмен болып шықты. Кейбір облыстарда бастапқыда мәлімделген көлемнің шамамен 1-10%-ы ғана расталды.
Осыған байланысты «Каспий» тауар биржасы» АҚ өнімді алдын ала сату мүмкіндігін қамтамасыз ететін фьючерстік келісімшарттарды пайдалана отырып, картоп саудасының заманауи және ашық тетігін құруды ұсынады.
Бұл тәсіл фермерлерге өндірісті алдын-ала жоспарлауға, биржадағы мәмілелер арқылы аванс алуға және несиелік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Картоптың фьючерстік саудасын жүзеге асыру, ең алдымен, мерзімді келісімшарттарды жасасуды, орындауды және бақылауды реттейтін нақты нормативтік базаны әзірлеуді талап етеді.
Сондай-ақ, фермерлерге жүйеге қатысуды ынталандыру үшін субсидиялар немесе салық жеңілдіктері сияқты мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету маңызды. Бұл ашық баға белгілеу үшін жағдай туғызуы, егіс алқаптарының өсуін ынталандыруы және тұрақты және әділ бағаларды қамтамасыз етуі тиіс.
Ұсынылған модельдің негізгі элементтері:
- Фьючерстік келісімшарттар: фермерлер ең жоғары шығындар маусымында қаржыландыру алу арқылы, болашақ өнімдерді алдын ала сатуға мүмкіндік алады.
- Субсидияланатын сатып алу: ӘКК немесе «Даму» қоры болашақ жеткізілімдерді субсидиялай отырып, сатып алуға қатыса алады, осылайша өндірушілерге қаржылық жүктемені азайтады.
- Ашық баға қалыптастыру: нарықтық бағалар көтерілген жағдайда ӘКК сатып алынған картопты ең төменгі маржаны белгілей отырып, биржаға шығара алады. Ең аз үстеме ұсынатын бөлшек оператор жеңеді.
- Сауданы қолдау: бұл тәсілде бөлшек сауда желілері мен коммуналдық нарықтардың қатысуы көзделген–бұл қалалардың әртүрлі аудандарында тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
- Тәуекелдерді төмендету: бағаны фьючерстік кезеңде бекіту өндірушіге тұрақсыздықтан қорғануға, ал мемлекетке негізгі азық-түлік өнімдеріне инфляцияны бақылауға мүмкіндік береді.
Биржа өкілдері картоп сату мәмілелерін биржалық тауар ретінде міндетті тіркеуді орнатуды ұсынады, бұл ретте тіркеудің қарапайымдылығы мен партияның ең аз көлемі 6 тонна болуын қамтамасыз етеді. Бұл мемлекетке фермерлерді артық бюрократиямен ауырлатпай, жеткізілім мен бағаның нақты динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта картоп биржалық тауарлар тізіміне енгізілген, бірақ ол бойынша мәмілелерді тіркеу міндеттемесі әлі қарастырылмаған.
Бұған дейін «Каспий» биржасынан осындай ұсыныстар Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Сауда және интеграция министрлігіне жіберілген болатын. Мәселенің өзектілігіне қарамастан, толыққанды кері байланыс болған жоқ. Осыған байланысты биржа мемлекеттік органдардың қатысуымен ұсынылған модельдің қайта талқылануын көтеріп отыр.
Бұл мәселеге қатысты «Каспий» тауар биржасы» АҚ президенті Мұрат Қадисов атап өткендей, Қазақстандағы картоп нарығын тұрақтандыру үшін қажетті үш негізгі қағидат бұл – ашықтық, болжамдылық және жауапкершілік .
«Жыл сайын картоп нарығы сол бұрынғы қиындықтарға тап болады: өнімнің жетіспеуі, бағаның өсуі, халық арасындағы шиеленіс. Егер басқару мен үйлестіру тәсілі өзгертілмесе, проблемалар тек күшейе түседі. Осыған байланысты біз өз ұсыныстарымызды АШМ мен СИМ-ге қайта жолдадық. Ұсынылған тәсілді іске асыру мемлекеттік органдардың белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Бүгінгі таңдағы басты фактор — жүйені жаңғыртуға деген саяси ерік-жігердің болуы», — деп атап өтті ол.
Осылайша, «Каспий» тауар биржасы» АҚ мемлекеттік органдарға бастаманы қарастыруды, ұсынылған модельге баға беруді немесе тауар биржаларының рөлін ескере отырып, балама тәсіл ұсынуды сұрайды.
АНЫҚТАМА:
«Каспий» тауар биржасы» АҚ – мұнай өнімдерін, көмірді және цементті қоса алғанда, тауарлардың кең спектрімен сауда жасауға маманданған Қазақстанның жетекші биржалық алаңы. «Каспий» тауар биржасы» АҚ Энергетикалық биржалардың еуропалық қауымдастығына (EUROPEX) қауымдастырылған мүше ретінде кіреді. S&P Global халықаралық рейтинг агенттігінің ең жоғары ESG-бағасына ие.
БҰҰ Жаһандық шартының толыққанды қатысушысы болған ТМД аумағындағы алғашқы биржалық алаң саналады. Сондай-ақ, «Каспий» – KASE Қазақстан қор биржасының ресми листингіне енгізілген елдегі жалғыз тауар биржасы.