«Каспий» ЕАЭО тауар биржалары арасында 1-інші болып артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлед
«Каспий» тауар биржасы» АҚ артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуді жүзеге асырған ЕАЭО елдері арасындағы алғашқы тауар биржасы болды. Төлем туралы шешім 2025 жылғы 5 наурызда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданды, ал 12 наурызда биржа барлық акционерлерге қаражат есептеп, төледі (толығырақ KASE ресми сайтында).
Бұл биржаның жоғары тұрақтылығы мен рентабельділігін, сондай-ақ оның ашықтық пен жариялылық қағидаттарына берілгендігін көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда компания KASE Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген елдегі жалғыз тауар биржасы.
«Каспий» тауар биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Елнар Надырғалиев бұл туралы:
«Каспий» биржасының жеке компаниялар сегментінен жария компанияларға шығу стратегиясы шеңберінде біз қажетті бизнес-процестер мен инфрақұрылымды дәйекті түрде құрып отырмыз. Жақын арада бұл ұзақ мерзімді корпоративтік трансформация процесінің бөлігі бола отырып, IPO жолындағы маңызды қадам болады. Бұл процестің негізгі дайындық кезеңдерінің бірі Қазақстанның тауар биржалары арасында артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есептеу және төлеу болды», - деді.
«Каспий» тауар биржасы» АҚ президенті Мұрат Қадисов:
«Біз сауда-саттықтың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қаржылық тұрақтылығымызды растауға тырысамыз. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу–бұл біздің акционерлерге деген сенім белгісі және биржаның ұзақ мерзімді перспективада жұмыс істейтіндігінің көрсеткіші. Біз ашықтық стандарттарын мақсатты түрде ұстанамыз және тауар биржалары сауда құралы ғана емес, сонымен қатар сенімді инвестициялық актив бола алатынын растай отырып, инвесторлар үшін қосымша ынталандырулар жасауға тырысамыз».
Осылайша, бұл қадам корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын қалыптастыруға және нарықтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ете отырып, Қазақстанның тауар биржалары үшін жаңа бағдарды белгілейді.
«Каспий» тауар биржасы» АҚ реттеудің озық тетіктерін енгізуді, елдің биржалық нарығын дамытуға жәрдемдесуді және Қазақстанның өңірдегі маңызды қаржы орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтуды жалғастыруда.
АНЫҚТАМА:
«Каспий» тауар биржасы» АҚ – мұнай өнімдерін, көмірді және цементті қоса алғанда, тауарлардың кең спектрімен сауда жасауға маманданған Қазақстанның жетекші биржалық алаңы. «Каспий» тауар биржасы» АҚ Энергетикалық биржалардың еуропалық қауымдастығына (EUROPEX) қауымдастырылған мүше ретінде кіреді. S&P Global халықаралық рейтинг агенттігінің ең жоғары ESG-бағасына ие.
БҰҰ Жаһандық шартының толыққанды қатысушысы болған ТМД аумағындағы алғашқы биржалық алаң саналады.