«Asar Baspana» қаржы пирамидасының құрығына 86 мың адам ілінген
ҚМА Бас прокуратураның үйлестіруімен «Asar Baspana» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.
Ол тұтынушылық кооператив ретінде жасырынып жұмыс істеген.
Тергеу барысында Туғанбаев Н.М. бастаған пирамида ұйымдастырушылары, 86 мыңнан астам азаматтан 12,4 млрд теңге тартқан, есесіне ай сайын 30%-ға дейін табыс уәде еткен.
Шын мәнінде, нақты бизнес болмаған, төлемдер жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.
Нәтижесінде Туғанбаев пен оның серіктестері 3,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иеленген.
Күдіктілер салымшыларды адастырып, Алматы қаласында құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехы мен тұрмыстық және медициналық техника зауыты жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеген. Шындығында, өнімдер үшінші тарап жеткізушілерінен сатып алынып«Asar Baspana» логотипімен таңбаланған.
2024 жылы желтоқсан айынан бастап, пирамидаға деген сенім азая бастаған кезде, ұйымдастырушылар автосалон ашып, ресми дилерлермен әріптестік орнаттық деген жалған ақпарат таратқан. Шын мәнінде, автокөліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып Туғанбаевтың туыстарына рәсімделген.
Пирамиданы әшкере қылатын жағдайлар туындаған тұста, Туғанбаев Н.М. 8 ақпан күні «Asar Baspana» сайтын техникалық режимге ауыстырған. Бұл қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында жасалды.
Алайда, тергеу барысында серверлік деректер қалпына келтірілді. Сайт деректеріне сәйкес, «Gold» деңгейіне жеткен 15,5 мың салымшының тек біреуіне ғана пәтер берілген.
«Platina» бағдарламасы бойынша 15 мың үміткердің арасынан тек бір салымшыға ғана көлік берілген.
- Еске салайық, 2025 жылғы 9 ақпанда 49 кеңседе және 81 күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді.
- Оның нәтижесінде 1,1 млрд теңге, Toyota Land Cruiser 300 және Lexus 570 сияқты 10 премиум-класстағы автокөліктер тәркіленді, олар Туғанбаев пен оның жақындарына рәсімделген.
- Сонымен қатар, Ақтау қаласында Туғанбаев Н.М.-ның бауырының үйінен кооперативтің есепшоттарында болуы тиіс 945 млн теңге қолма-қол ақша табылды.
- 1,2 млрд теңгеден астам сомаға шоттар бұғатталып, тыйым салынған.
2025 жылғы 11 ақпанда Туғанбаев Н.М. мен Байтасов Н-ға қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. - Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
В финансовую пирамиду «Asar Baspana» привлечены 86 тысяч человек
Агентством по финансовому мониторингу при координации Генеральной прокуратуры пресечена деятельность финансовой пирамиды «Asar Baspana», которая маскировалась под потребительский кооператив.
Следствием установлено, что организаторы пирамиды во главе с Туганбаевым Н.М. привлекли от 86 тыс граждан 12,4 млрд тенге, обещая доход до 30% ежемесячно.
В действительности реального бизнеса не существовало, выплаты производились за счёт вложений новых участников.
В результате 3,8 млрд тенге незаконно присвоены Туганбаевым и его подельниками.
Подозреваемые вводили в заблуждение вкладчиков, утверждая, что в г.Алматы осуществляется деятельность по производству строительных материалов, швейный цех и завод бытовой и медицинской техники. На самом деле продукция закупалась у сторонних поставщиков и маркировалась логотипом «Asar Baspana».
С декабря 2024 года, когда доверие к пирамиде начало снижаться, организаторы распространили ложные сведения о запуске автомагазинов и сотрудничестве с дилерами. Фактически автомашины приобретены на деньги вкладчиков и оформлены на родственников Туганбаева.
Когда разоблачение пирамиды стало неизбежным, 8 февраля 2025 года Туганбаев Н.М. дал указание перевести сайт «Asar Baspana» в технический режим с целью сокрытия следов преступной деятельности.
В ходе следствия серверные данные восстановлены. Установлено, что из 15,5 тыс вкладчиков, достигших уровня «Gold», квартира предоставлена лишь одному.
По программе «Platina» из 15 тыс претендентов машина досталась также только одному вкладчику.
Напомним, что 9 февраля 2025 года проведены обыски в 49 офисах и по местам жительства 81 фигуранта.
По результатам изъяты 1,1 млрд тенге, 10 автомобилей премиум-класса, включая Toyota Land Cruiser 300 и Lexus 570, оформленные на Туганбаева и его приближённых.
Кроме того, в г.Актау у брата Туганбаева Н.М. изъяты 945 млн тенге наличными, которые должны были находиться на счетах кооператива.
Арестованы и ограничены счета на сумму более 1,2 млрд тенге.
11 февраля 2025 года судом в отношении Туганбаева Н.М. и Байтасова Н. избрана мера пресечения в виде содержания под стражей сроком на 2 месяца.
Досудебное расследование продолжается.
Пресс-служба АФМ РК