Көкшетаудағы NIS оқушысы халықаралық WYSII 2025 байқауында алтын медаль жеңіп алды
Көкшетаудағы NIS 11-сынып оқушысы Аружан Жаәнібектің «Software and hardware complex for analysis of agricultural soils with centralized control "Zheruyyk"» жобасы World Youth STEM Invention Innovation (WYSII) 2025 халықаралық байқауында алтын медаль мен «Best Environmental Award» арнайы жүлдесіне ие болды.
Беделді байқау 30-дан астам елдің жас өнертапқыштары, ғалымдары мен зерттеушілерін біріктіріп, болашаққа бағытталған инновациялық шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Биылғы байқаудың тақырыбы – «Болашақты қалыптастыратын жаңашыл шешімдер».
Аружан 10-сыныпта оқып жүрген кезде бұл жобаны қолға алып, оның негізіне Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер себеп болғанын атап өтті.
«Өткен жылы елімізде егін түсімі төмен болды. Бұл мәселе мені ойландырып, ауыл шаруашылығына көмектесетін технология жасауға бола ма деген сұрақ туындады», – деп еске алады оқушы.
Осылайша, топырақ жағдайын талдап, өсімдіктерге қолайлы жағдайды автоматты түрде реттейтін құрылғы жасау идеясы пайда болды.
«Бұл құрылғы тәулік бойы бақылау жүргізіп, топырақтың негізгі көрсеткіштері – pH деңгейі, топырақ пен ауаның ылғалдығы, температура және жарық туралы мәліметтер жинайды. Егер ылғал деңгейі төмендесе, жүйе автоматты түрде суаруды қосып, оны оңтайлы деңгейге жеткізеді. Осылайша, құрылғы топырақ пен өсімдіктің түріне бейімделеді», – деп түсіндірді Аружан.
Аружан Жанибек өз жобасына патент алып, оны ауыл шаруашылығына енгізуді мақсат етіп отыр.
«Мен бұл жүйенің егіншілерге қолжетімді болып, өнімділікті қосымша шығынсыз арттырғанын қалаймын. Бұл – ауыл шаруашылығын неғұрлым тұрақты әрі технологиялық салаға айналдыру жолындағы маңызды қадам», – дейді ол.
Бұдан бөлек, Аружан Жанибек Кореяда өткен 6-шы Халықаралық конференциясы мен Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды.
Ученица NISКокшетау завоевала золото на международном конкурсе WYSII 2025
Проект ученицы 11 класса NIS Кокшетау Аружан Жанибек «Software and hardware complex for analysis of agricultural soils with centralized control "Zheruyyk"» удостоен золотой медали и специальной награды «Best Environmental Award» на престижном международном конкурсе World Youth STEM Invention Innovation (WYSII) 2025.
Этот конкурс собирает участников из более чем 30 стран мира, создавая платформу для молодых изобретателей, ученых и исследователей, которые предлагают инновационные решения для будущего. Тема этого года — «Новаторские решения, формирующие будущее».
Аружан начала работу над проектом в 10 классе, вдохновившись проблемами сельского хозяйства в Казахстане.
«В прошлом году в стране наблюдались серьезные трудности с урожайностью. Это заставило меня задуматься: можно ли создать технологию, которая помогла бы аграриям?» — вспоминает она.
Так появилась идея для создания устройства, которое анализирует состояние почвы и автоматически регулирует условия для растений.
«Оно проводит круглосуточный мониторинг, собирая данные по ключевым показателям: pH, влажность воздуха и почвы, температура, яркость. Если влажность почвы падает ниже нормы, система автоматически включает полив, доводя ее до оптимального уровня. Таким образом, устройство самостоятельно адаптируется к почве и конкретному виду растения», — объясняет Аружан.
Аружан Жанибек ставит перед собой цель — запатентовать разработку и внедрить технологию в сельское хозяйство.
«Я хочу, чтобы эта система была доступна аграриям и помогала повышать урожайность без лишних затрат. Это важный шаг к более устойчивому и технологичному сельскому хозяйству», - делится ученица.
Кроме того, Аружан Жанибек была золотым призером 6-й Международной конференции творческих работ IPCи Олимпийских игр в Корее.