Химиялық қауіпті объектідегі жаттығулар
Химиялық қауіпті объектідегі жаттығулар
Бұланды ауданының азаматтық қорғау қызметтері жеке құрамының жедел-тактикалық дайындығын арттыру мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Аңыз бойынша, жергілікті құс фабрикасының қоймасында өрт болды, онда химиялық қауіпті зат – аммиак қоры үлкен көлемде сақталды. Кезекші ауысымдардың жеке құрамы жедел түрде шартты өртті сөндіруге кірісті. Өрт сипатын ескере отырып, химиялық қауіпті объектілердегі өрттерді сөндіру кезінде қолданылатын температуралық белсендірілген суды қолдану пысықталды. Бұл әдіс жану температурасын күрт азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, лафеттік оқпандарды да, автомобиль сатыларынан оқпандарды да беру пысықталды. Оқу-жаттығуда ТЖД күштерімен байланыс аппаратурасымен жабдықталған "Газель" базасындағы шағын КША, штабтық автомобиль қолданылды. Бұланды гарнизонынан басқа жаттығуларға Бурабай ауданы ТЖБ күштері қатысты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері тартылды, ал негізгі техникадан басқа арнайы және көмекші техникасы белсенді қолданылды.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша осындай жағдайлардың күрделілігі мен қауіптілігін ескере отырып, барлық іс-әрекеттер кәсіби түрде орындалды. Оқу-жаттығу өткізілген құс фабрикасының өкілдері құтқарушылардың іс-әрекеттерін жоғары бағалады.
Ақмола облысы ТЖД
Учения на химически опасном объекте
В целях повышения оперативно-тактической готовности личного состава служб гражданской защиты Буландынского района проведены пожарно-тактические учения.
По легенде произошло возгорание на складе местной птицефабрики, где в больших объемах хранились запасы аммиака – химически опасного вещества. Личный состав дежурных смен оперативно приступил к тушению условного пожара. С учетом характера возгорания было отработано применение температурно-активированной воды, которая как раз-таки и применяется при тушении возгораний на химически опасных объектах. Данный прием позволяет резко снизить температуру горения.
Также отработана подача как лафетных стволов, так и стволов с автолестниц. В учениях применили мини-КШМ, штабной автомобиль на базе «Газель», укомплектованную аппаратурой связи силами ДЧС. В учениях, кроме буландынского гарнизона приняли участие силы ОЧС Бурабайского района. Привлечены сотрудники Центра медицины катастроф, а кроме основной, активно применили специальную и вспомогательную технику.
По итогам учений, учитывая сложность и опасность подобных ситуаций, все действия были выполнены профессионально. Представители птицефабрики, на чьей территории проходили учения по достоинству оценили действия спасателей.
ДЧС Акмолинской области