Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру – қоғамда еңбек адамының қадірін арттыру болып табылады
Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл - «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді.
Осыған сәйкес, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы, «ENKI» ЖШС және «ENKI PLUS» ЖШС компанияларындағы жұмысшы жастарымен кездесу өткізді.
Биылғы жыл – жұмысшы мамандықтар жылы болғандықтан, жұмысшы мамандықтардың имимджін көтеру мақсатында жұмыстың көрсетілімі, ашық бос жұмыс орындары мен жастарға арналған мансаптық мүмкіндіктер туралы таныстыру, сондай-ақ алдағы уақытта бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру болып табылады.
Аталған шараға, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы «Жастар және отбасы істері» бөлімінің басшысы - Мырзахметова Айсұлу Оралқызы, Ақмола облысы «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің маманы - Құрмансейітов Серік Қайратұлы, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы басшысы – Ермеков Дастан Ермекұлы, «ENKI» ЖШС кәсіпорнының бастығы – Мырзағалиев Ерлан Манасұлы, «ENKI» ЖШС кәсіпорнынан ЕҚ және ТҚ жөніндегі инженері - Қажығалиев Бейсенбі Әбділманұлы, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техниқалық колледж» МКҚК студенттері, БАҚ өкілдері, ұйымдастырушылар және «ENKI» компаниясының қызметкерлері қатысты.
Аталмыш кездесу аясында қаламыздың студенттеріне арнап, компания бойынша қауіпсіздік техникасы жөнінде ақпараттандыру және экскурсия өткізілді.
Шара барысында, аталмыш кәсіпорынның жұмысшы жастарына мемлекеттік жастарға арналған бағдарламалар мен мүмкіндіктер туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, грант мәселесі, бизнес ашу және т.б.
«Қазіргі кезде облыста жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша өңірлік жоспар қабылданды. Оның шеңберінде 55 іс-шара өткізу жоспарланған. Аталмыш жоспардың ішінде өңірлік жастар ресурстық орталықтардың ұйымдастыруымен және атсалысуымен өтетін шаралар қатары баршылық.
Айта кетейік, аталған жыл аясында, өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Ақмола облысының білім басқармасы және колледждермен кадрларды даярлау мәселелері бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Кәсіптік білім беру сапасын шешу, жастар жұмыссыздығын төмендету, кәсіптік білім беру мен еңбек нарығының қажеттілігі арасындағы алшақтықты қысқартудың бір жолы ретінде дуальді білім беруді дамыту мәселесі белгіленді.
Жастар ресурстық орталықтары жастар бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеуді және қолдауды, жастар ортасындағы жағдайға мониторинг пен талдауды жүзеге асырады. Орталықтың қызметі жастардың әлеуметтік және жеке дамуына ықпал етуге және жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған. Сондай-ақ, жастар ресурстық орталықтары жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, бейресми білім беру, жастарды консультациялық қолдау және олардың өзін-өзі дамытуы үшін ашық кеңістіктер құру арқылы жастармен жұмысты жүзеге асырады.
Осыған орай, жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде, 35 жасқа дейінгі, жетістігі мен тәжірбиесі бар, жұмысшы мамандықта қызмет етіп жүрген жастармен арнайы бейнебаяндар түсірілітен болады. Бейнероликтер облыстық, республикалық БАҚ өкілдері арқылы сюжеттер, көгілдер экран алдына шығады. Сондай-ақ, әлеметтік желілердегі жастар ресурстық орталықтардың ресми парақшаларына да жарияланатын болады. Сонымен қатар, облыстық ЖРО «Отбасы банк» АҚ, өңірлік полиция департаменті, төтенше жағдайлар министрлігімен, білім басқармасы, жергілікті кәсіпорындармен және т.б. ұйымдармен бірлесе, алдағы уақытта іс-шаралар өткізілетін болады» - деп облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков өз сөзінде тоқталып кетті.
Кездесу соңында «ENKI» ЖШС кәсіпорнының жетістігі мен тәжірбиесі бар жұмысшы мамандықтағы жастары өңірлік ішкі саясат басқарма басшысы атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі