Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Атбасар қаласының тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды

​Атбасар қаласының тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар қаласының тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Жаңа баспана көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және басқа да кезекте тұрған азаматтарға берілді.

Бүгін атбасарлықтар заманауи тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер алды. Бұл үй жақында ғана салынған. Пәтерлердің жоспарлануы ыңғайлы, өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Өңір басшысы Марат Ахметжанов кілттерді табыстай отырып, халықтың жайлы өмір сүру жағдайын жасау жергілікті атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Өз баспанасына ие болу – әр отбасы үшін үлкен қуаныш. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында құрылыс сапасына ерекше назар аудару керектігін тапсырған болатын. Біз бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, және бүгін 76 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Үйлеріңіз әрдайым жылуға, жайлылық пен қуанышқа толы болсын!», – деді Марат Ахметжанов.

Қуанышты тұрғындар өз толғаныстарын жасыра алмады. Солардың бірі – Юлия Юрченко өз әсерімен бөлісті. Айта кету керек, ол балалар үйінің түлегі ретінде кезекте тұрған.

«Бұл сәтті 15 жыл күттім. Менің кішкентай қызым бар, сондықтан өте қуаныштымын. Үй өте жақсы, заманауи. Жанында мектептер, балабақшалар бар, баламның дамуына барлық мүмкіндік жасалған. Мемлекет басшысына үлкен алғысымды білдіремін», – деді Юлия Юрченко.

Еске сала кетсек, өткен жылы Ақмола облысында 661 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 6 мыңнан астам ақмолалықтың баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. 2025 жылы тағы 665 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, бұл көптеген отбасыларға көптен күткен пәтерлерін алуға мүмкіндік береді.


Новые квартиры получили жители города Атбасар

Аким Акмолинской области Марат Ахметжанов вручил ключи от новых квартир жителям города Атбасар. Новое жилье получили многодетные семьи, дети-сироты, люди с ограниченными возможностями и другие категории очередников.

В этот день атбасарцы получили новое жильё в современном жилом комплексе. Дом построен совсем недавно. Квартиры имеют удобную планировку и комфортные условия для проживания. Глава региона Марат Ахметжанов вручая ключи отметил, что создание комфортных условий для жизни населения явлется приоритетной задачей для местных исполнительных органов.

«Обретение собственного жилья – большое событие для каждой семьи. Президент страны Касым-Жомарт Токаев на расширенном заседании Правительства поручил уделять особое внимание не только количеству, но и качеству строительства. Мы продолжаем активную работу в этом направлении, и сегодня 76 семей обрели новый дом. Пусть в ваших домах всегда будет тепло и уютно», - подчеркнул Марат Ахметжанов.

Счастливые новоселы не скрывали эмоций. Одна из них, Юрченко Юлия поделилась своими впечатлениями. К слову она стояла в очереди как сирота.

«Ждала вот 15 лет. У меня есть дочка, поэтому я очень-очень рада. Дом очень хороший, такой современный. Здесь поблизости школы, садики, есть все для развития моего ребенка. Очень хотелось бы выразить благодарность главе государства», - поделилась счастливая обладательница квартиры Юлия Юрченко.

Напомним, в прошлом году в Акмолинской области введено 661 тыс. кв. м жилья. Это позволило улучшить жилищные условия более 6 тысяч акмолинцев. В 2025 году планируется строительство еще 665 тыс. кв. м жилья, что позволит многим семьям получить долгожданные квартиры.

14:42
184
Нет комментариев. Ваш будет первым!