Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Қолжетімді сот төрелігі: ҚР Әділет министрлігі мен IPrav цифрлық заң қызметтерін дамытуда

​Қолжетімді сот төрелігі: ҚР Әділет министрлігі мен IPrav цифрлық заң қызметтерін дамытуда

ҚР Әділет министрлігі мен «IPrav» ЖШС компаниясы арасында заң қызметтеріне арналған ЖИ базасындағы мобильді қосымшаны әзірлеушілермен стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Серіктестіктің негізгі мақсаты – азаматтарға тез, тиімді және қауіпсіз түрде білікті құқықтық көмек алуға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдерді дамыту.

Өзара серіктестік ЖИ технологияларын дамытуды, білім беру бастамаларын, халыққа қажетті өзекті құқықтық проблемаларды анықтау мақсатында зерттеулер жүргізуді қамтитын болады.

"Мемлекет басшысы әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам екенін атап өткен болатын.

Сондықтан осы бағыттағы біздің бірлескен күш-жігеріміз халыққа арналған құқықтық қызметтердің қолжетімділігін арттырудың, кедергілерді азайтудың және құқықты қолдану процестерін жеделдетудің маңызды бөлігіне айналады" - деді Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.

Өзара ынтымақтастық жасанды интеллект шешімдерін заң саласына интеграциялауға негізделген. Бұл пайдаланушылар үшін де, кәсіпқойлар үшін де жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Меморандумға сәйкес, Әділет министрлігі әзірлеушілерге дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы сақтай отырып, қосымшаның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл халыққа «IPrav» мобильді қосымшасының функционалына жылдам әрі сапалы қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Біз үшін меморандумға қол қою – бұл IPrav дамуының жаңа кезеңі ғана емес, сонымен қатар үлкен мүмкіндік. Біз Әділет министрлігімен қол жетімді және заманауи құқықтық жүйені құру үшін күш-жігерді біріктіруде зор әлеуетті көріп отырмыз», - деді «IPrav» ЖШС директоры Жұлдыз Ержанова.

Ынтымақтастық Қазақстан азаматтарына, әсіресе ауылдық және шалғай өңірлеріндегі азаматтарға құқықтық көмекке ыңғайлы және жедел қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Біз технологияны халық пен құқықтық жүйе арасындағы көпірге айналдыру міндетін қойып отырмыз. Цифрландыру құқықтық сауаттылықты арттыру және Қазақстанның әрбір тұрғыны өзінің тұрғылықты жеріне қарамастан көмек алып, өз құқықтарын қорғай алатын жағдай жасау үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатынын айтып өтті IPrav негізін қалаушы Қаныш Кенжетаев.

Сондай-ақ, бірлескен инновациялық жобалар мен пилоттық бағдарламаларды іске асыру, министрліктің мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлері үшін оқыту сессияларын өткізу жоспарлануда, бұл олардың цифрлық құралдарды пайдаланудағы құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді.

IPrav мобильді қосымшасы – заңгерлік қызметтерді іздеуге және онлайн алуға болатын жаңа құрал. Қазақстандық мамандар әзірлеген IT-стартаптың мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтарға білікті құқықтық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Қосымшаның ерекшелігі – машиналық оқыту принциптері бойынша жұмыс істейтін кіріктірілген ЖИ көмекшісі - Әйтеке чат-боты.

Қазіргі уақытта виртуалды ЖИ көмекшісін «Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?», «Жол-көлік оқиғасы кезінде не істеу керек?», «Тұтынушылардың құқықтарын қалай қорғауға болады?». , «Ипотекалық несиені төлемеген жағдайда не болады?», «Түрлі әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл көлемі қандай болады?», «Мұраны қалай рәсімдеуге болады?» «Автокөлікті қалай тіркеуге болады?» деген сияқты сұрақтарға жауап беру үйретіліп жатыр.

IPrav барлық жас санаттары үшін түсінікті, қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс ұсынады. Онда шұғыл әрекет ету үшін жақын жердегі адвокатпен байланысуға мүмкіндік беретін SOS функциясы қарастырылған. Бұл әсіресе шалғайдағы тұрғындар үшін өте ыңғайлы. Мамандардың рейтингтік жүйесі таңдаудың ашықтығын және қызмет сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Жақын арада пайдаланушылардан кері байланыс алу және оның функционалын жақсарту үшін мессенджерлер арқылы Әйтеке ботына ашық тестілеу өткізу жоспарланып отыр.

БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН БАЙЛАНЫС ҮШІН

+7 701 216 88 62

press@iprav.kz

https://t.me/kziprav

09:37
141
Нет комментариев. Ваш будет первым!