Көкшетаудағы NIS оқушылары - республикалық желілік олимпиада жүлдегерлері
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-12 сынып оқушыларына арналған республикалық желілік олимпиадада Көкшетаудағы NIS оқушылары жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Биология пәнінен қола жүлдеге9-сынып оқушысы Қосар Кәмшат, 10-сынып оқушысы Суиндыков Адиль, 11-сынып оқушысы Мукажанова Алия, 12-сынып оқушысы Суворина Кристина ие болды.
9-сынып оқушысы Жанабаев Таир химия пәнінен алтын жүлде, 11-сынып оқушысы Жиенғалиева Әсел қола жүлде жеңіп алды.
«Мен химияны 7-сыныптан бастап оқи бастадым. Сол кезде пандемияға байланысты онлайн форматта білім алдық. Химия пәнінің мұғалімі Самал Салимқызымен күн сайын 5-6 сағаттан, кейде одан да көп уақыт дайындалғанымыз әлі есімде. Екі жыл бойы жасаған осы табанды еңбек маған 8-9-сыныптарда желілік, республикалық және халықаралық химия олимпиадаларында жүлделі орындар алуға көмектесті. Дәл осы білімім зерттеу жұмыстарын бастауға мүмкіндік беріп, биылғы жылы да олимпиадада 3-орын алуыма себеп болды», – деп бөлісті 11-сынып оқушысы Әсел Жиенғалиева.
Оның айтуынша, олимпиадаларға дайындалу және қатысу – тек жаңа дипломдар ғана емес, сонымен қатар тәртіпті, жауапкершілікті қалыптастыру мен сыни ойлауды дамытуға үлкен мүмкіндік.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушылары Усман Агзам мен Калыкова Руслана, 12-сынып оқушысы Сабырбеков Дархан қола жүлдеге ие болды.
10-сынып оқушысы Талғат Әлсияр Қазақстан тарихы пәнінен 3-ші орын алды.
Қазақ тілі пәнінен 10-сынып оқушлары Склярова Анастасия мен Сафина Полина қола жүлдеге ие болды. Орыс тілі пәнінен 11-сынып оқушысы Асем Сабдина күміс жүлде, 10-сынып оқушысы Аутас Адина қола жүлде жеңіп алды.
Ученики NISКокшетау стали победителями республиканской сетевой олимпиады
На сетевом этапе республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для учащихся 9-12 классов ученики NIS города Кокшетау показали высокие результаты и заняли призовые места.
Ученица 9-го класса Қосар Кәмшат, ученик 10-го класса Суиндыков Адиль, ученица 11-го класса Мукажанова Алия, и ученица 12-го класса Суворина Кристинаполучили бронзовые медали по биологии.
Ученик 9-го класса Жанабаев Таир выиграл золотую медаль по химии. Ученица 11-го класса Жиенғалиева Әсел заняла 3 место по этому же предмету.
«Я начала изучать химию еще в 7 классе. В то время мы учились онлайн из-за пандемии. Все еще помню то, как мы с моей учительницей по химии Самал Салимовной занимались по 5-6 часов ежедневно, а иногда и больше. Этот упорный труд на протяжении двух лет помог мне занимать призовые места на сетевых, республиканских и международных Олимпиадах по химии в 8-9 классах. И именно эти знания помогли мне начать исследовательскую работу и также занять 3-место на Олимпиаде и в этом году, несмотря на то, что уже на протяжении года я уделяю изучению химии значительно меньше времени», - поделилась ученица 11-го класса Әсел Жиенғалиева.
По ее словам, подготовка и участие в Олимпиадах - это не только новые дипломы в копилке, но и выработка дисциплины, ответственности и развитие критического мышления.
По русскому языку и литературе ученики 10-го класса Усман Агзам и Калыкова Руслана, ученик 12-го класса Сабырбеков Дархан завоевали бронзовые медали.
Ученик 10-го класса Талгат Альсияр занял третье место по истории Казахстана.
Ученицы 10-го класса Склярова Анастасия и Сафина Полина удостоены бронзовых медалей по казахскому языку.
Серебряную медаль по русскому языку выиграла ученица 11-го класса Асем Сабдина, а ученица 10-го класса Аутас Адина завоевала бронзовую медаль.