Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Келесі жылдың бюджеті бекітілді. Утвержден бюджет следующего года

​Келесі жылдың бюджеті бекітілді. Утвержден бюджет следующего года

Келесі жылдың бюджеті бекітілді

Ақмола облыстық мәслихатының биылғы жылдың соңғы кезекті он алтыншы сессиясы Бейбіт Жүсіповтің төрағалығымен және облыс әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен өтті.

Депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекітті, Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізді. Аталған сұрақтар бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шүгірмақова сөз сөйледі.

Бюджет жобасын талқылау бойынша жарыссөзде облыстық мәслихаттың экономика және бюджет сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Марат Қойшыбаев, облыстық мәслихат депутаты, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық директорының кеңесшісі Айдын Төребаев, Зеренді аудандық мәслихатының төрайымы Райхан Ғабдуллина сөз сөйледі.

Депутаттық корпус алдында сөйлеген сөзінде облыс әкімі Марат Ахметжанов өңір дамуының негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, бекітілген бюджет құрылымында 60%-ға жуығы әлеуметтік блокқа жұмсалатын шығыстарды иеленетіні атап өтілді. Шығыстар медициналық-әлеуметтік мекемелерді ұстауға, жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі шараларға, әлеуметтік төлемдерге көзделген. Сонымен қатар, зейнеткерлер үшін санаторий-курорттық емделуге және Көкшетау қаласы бойынша қоғамдық көлікте тегін жол жүруге қаражат қарастырылған.

Бюджет есебінен өңірдің мектепке дейінгі, орта және кәсіптік-техникалық білім беруін сапалы қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. 2025 жылы білім беру ұйымдарында жөндеуден басқа, Ақмола оқушыларының тамақтануын жақсарту үшін қаражат бөлінді. Медициналық ұйымдарды жөндеуге және материалдық-техникалық жарақтандыруға шамамен 6 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап медицина қызметкерлері үшін өте тапшы мамандықтар бойынша 8,5 млн.теңге сомасында көтерме төлемдер басталады.

Облыс әкімі жоспарлаудың тиімділік принципін ұстану және ауылдарды тең жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өтті.

Сессияның күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту «Ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы» денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбековтің есебі. Бұл мәселеге өзінің көзқарасымен облыстық мәслихаттың депутаты, Көпсалалы облыстық аурухананың директоры Нұрлан Жаров бөлісті. Осы сұрақ бойынша шешім әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның және Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында талқылау барысында айтылған ескертулер мен ұсынымдарды ескере отырып қабылданды.

Сондай-ақ сессияда Ақмола облысы бойынша 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді, «Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы», «Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешімдерге өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі


Утвержден бюджет следующего года

Завершающая в текущем году очередная шестнадцатая сессия Акмолинского областного маслихата состоялась под председательством Бейбита Жусупова и с участием акима области Марата Ахметжанова.

Депутаты утвердили областной бюджет на 2025-2027 годы, внесли изменения в План развития Акмолинской области на 2021-2025 годы. С информацией по данным вопросам выступила руководитель управления экономики и бюджетного планирования Алмагуль Шугурмакова.

В прениях по обсуждению проекта бюджета выступили председатель постоянной комиссии областного маслихата по вопросам экономики и бюджета Марат Койшибаев, депутат областного маслихата, советник международного научно-технического центра Айдын Туребаев, председатель Зерендинского районного маслихата Райхан Габдуллина.

Выступая перед депутатским корпусом, аким области Марат Ахметжанов остановился на ключевых направленияхразвития региона. В частности, отмечено, что в структуре утверждаемого бюджета почти 60% занимают расходы на социальный блок. Расходы предусмотрены на содержание медико-социальных учреждений, меры по снижению уровня безработицы, социальные выплаты. Кроме того предусмотрены средства на санаторное курортное лечение для пенсионеров и бесплатный проезд в общественном транспорте по городу Кокшетау.

За счет бюджета создаются условия для качественного предоставления дошкольного, среднего и профессионально-технического образования региона. В 2025 году, помимо ремонтов в организациях образования, выделены средства и для улучшения питания акмолинских школьников. Предусмотрены средства на ремонт и материально-техническое оснащение медицинских организаций порядка 6 млрд тенге. Также со следующего года начнутся выплаты подьемных для медработников по остродефицитным специальностям в сумме 8,5 млн. тенге.

Глава региона особо подчеркнул необходимость принципа эффективности планирования и обеспечения сел равными условиями проживания.

Еще один вопрос важный повестки дня сессии – отчет руководителя управления здравоохранения Нурлана Ахильбековаоходе реализации национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения». Своим видением данного вопроса поделился в прениях депутат областного маслихата, директор Многопрофильной областной больницы Нурлан Жаров. Решение по данному вопросу принято с учетом замечаний и рекомендаций, высказанных в ходе обсуждения на совместном заседании постоянной комиссии по социальным вопросам и Общественного совета.

Также на сессии утвержден План действий по реализации Концепции развития экологической культуры «Таза Қазақстан» на 2024-2029 гг. по Акмолинской области, внесены измененияв решения «Об избрании членов окружных избирательных комиссий по одномандатным территориальным избирательным округам по выборам депутатовАкмолинского областного маслихата», «Об избрании составов постоянных комиссий Акмолинского областного маслихата восьмого созыва».

Также утвержден план работы маслихата на 2025 год.

Пресс-служба Акмолинского областного маслихата

11:03
179
Нет комментариев. Ваш будет первым!