Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​«Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында қорытынды кездесу өтті

​«Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында қорытынды кездесу өтті

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен әскери қызмет өткерген жастар мен әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыруға бағытталған «Елге қызмет - абыройлы міндет» жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – әскери қызмет өткерген жастардың бойында бар дағдылары мен білімдерін ескере отырып, оларды жұмысқа орналастыруды қолдау, ұсыныстар енгізу және жылдық қорытындылары туралы ақпарат алу болып табылады.

Іс-шараға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Жастар және отбасы істері» бөлімінің басшысы – Айсұлу Оралқызы Мырзахметова, Ақмола облыстық мәслихат депутаты – Шоназаров Умар Файзуддинович, облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы – Дастан Амангелдіұлы Ермеков, құқық қорғау құрылымдарының, облыстың әскери оқу орындары мен әскери бөлімдерінің өкілдері, Ақмола облысы бойынша ТЖМ және облыстық полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ, өңірдің жастар саясатындағы дамуына оң үлесін қосып жүрген белсенді жандар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында аталмыш жоба бойынша жоғарыда аталған ұйымдармен ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша талқылаға салынып, жаңа ұсыныстар енгізілді.

«Аталмыш жоба аясында, Ақмола облысының облыстық жастар-ресурстық орталығы 7 ұйыммен меморандум жасасып 6 144 000 қаралым қамтыған 1920 тақырыптық бейнероликтер шығарылды.

Ақмола облысының полиция департаментінде жұмысқа орналасқан жалпы 35 жасқа дейінгі қызметкерлер саны 145 адам, оның 110 ұл балалар, 35 қыз балалар.

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде 42 адам жұмысқа орналасса, 11 адам білім алуда.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде осы жоба бойынша өрт сөндіруші-құтқару лауазымдарына 102 қызметкер жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығының әлеуметтанушы-психологы, «Елге қызмет - абыройлы міндет» жобасы бойынша меморандумдар жасалған ұйымдарда өмірлік маңызы бар дағдылар бойынша тренинг жүргізді. Тренингтің негізгі мақсаты - қатысушыларды әлеуметтік коммуникация мен топтық жұмыста оқытудың жеке тиімділігін арттыру, тұлғалық өсу дағдыларын дамыту, өмірлік-маңызды дағдыларды дамыту болып табылады. Тренингтерге қатысқан қатысушылардың жалпы қамтылуы 710 адамды құрайды» - деп, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Жастар және отбасы істері» бөлімінің басшысы - Айсұлу Мырзахметова.

Облыстық мәслихат депутаты – Умар Шоназаров, аталған жобаны жалғастыру мақсатында, келесі жылы тарихи әскери-патриоттық саябақ құрылысы бойынша ұсыныс білдірді. Ол жерде батыр тұлғаларымыздың тарихы бойынша мұражай және әскери далалық жиындар өткізетін саябақтың салынуы жөнінде сөз қозғады.

Шара соңында аталмыш жоба шеңберінде алдағы жылға жоспарларымен бөлісіп, жаңа жылда жаңа нәтиже көрсетуде тиімді жұмыстар жүргізілу көзделетіні туралы ойлармен бөлісті.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі

09:32
139
Нет комментариев. Ваш будет первым!