Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Первый в Казахстане Дом шахмат открыт в Кокшетау

Первый в Казахстане Дом шахмат открыт в Кокшетау

Бүгін Көкшетауда елдегі алғашқы Шахмат үйінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл – шахмат шеберлігін оқыту мен дамытуға арналған бірегей орталық. Ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов, сондай-ақ жас чемпиондар – 2023 жылғы әлем чемпионы (10 жасқа дейінгі) Данис Куандықұлы және Азия чемпионаттарының жүлдегері Жансая Шолпанбек қатысты.

«Шахмат үйінің ашылуы – біздің облыс үшін маңызды оқиға. Бұл орталық шахматшылардың жаттығу орны ғана емес, интеллектуалдық ойында табысқа ұмтылатын жастардың басын қосатын орынға айналады. Жобаның жүзеге асырылуы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында орындалды», – деді өз сөзінде Марат Ахметжанов.

Тимур Турлов бұл бастаманың Қазақстанда шахмат қозғалысын дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.

«Шахмат үйі жаңа чемпиондарды дайындау, жастар арасында шахматты насихаттау және ойыншылардың шеберлігін жетілдіру үшін басты алаңға айналады», – деді Т. Турлов.

Жобаны Қазақстан шахмат федерациясы (KazChess) Freedom Broker компаниясының қолдауымен жүзеге асырды. Шахмат үйі заманауи ойын залдарымен жабдықталған, олар оқыту, жаттығу және жарыстар өткізу үшін жайлы жағдай жасайды. Орталық сонымен қатар оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға, шахматшыларды ірі турнирлерге дайындауға және олардың кәсіби деңгейін арттыруға пайдаланылады.

Айрықша көңіл танымал гроссмейстерлердің шеберлік сабақтарын өткізуге арналған жағдай жасауға бөлінген. Орталық әртүрлі деңгейдегі шахматшылар арасында тәжірибе алмасу алаңына айналады.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында 13 450 адам шахматпен шұғылданады, олармен 248 жаттықтырушы жұмыс істейді. Облыста 5 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі бар, онда 138 жас шахматшы жаттықтырушылардың басшылығымен шеберлігін шыңдайды. Сонымен қатар, облыста 395 мектеп шахмат секциясы жұмыс істейді, онда 7 мыңнан астам оқушы білім алуда. 38 мектепте вариативті компонент аясында «Шахмат негіздері» курстары ашылған.

Аймақта жарыстар өткізу үшін 11 бірінші санатты төреші, бір халықаралық санаттағы төреші және ФИДЕ арбитрі сияқты білікті төрешілер құрамы бар.

Көкшетаудағы Шахмат үйінің ашылуы Қазақстанда шахмат қозғалысын дамытудың маңызды кезеңіне айналды және шахматшыларға өсу мен жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер беруде.


Первый в Казахстане Дом шахмат открыт в Кокшетау

Сегодня в Кокшетау состоялось торжественное открытие первого в стране Дома шахмат — уникального центра, созданного для обучения и развития шахматного мастерства. На торжественной церемонии открытия приняли участие аким Акмолинской области Марат Ахметжанов и президент Казахстанской федерации шахмат Тимур Турлов, а также юные чемпионы — чемпион мира-2023 до 10 лет Данис Куандыкулы ипризёр чемпионатов Азии Жансая Шолпанбек.

«Открытие Дома шахмат — это значимое событие для нашей области. Этот центр станет не только местом для тренировок шахматистов, но и точкой притяжения для молодежи, стремящейся к успехам в этой интеллектуальной игре. Реализация данного проекта выполнена в рамках поручений Главы государства», - отметил в своем выступлении Марат Ахметжанов.

Тимур Турлов подчеркнул важность инициативы для развития шахматного движения в Казахстане.

«Дом шахмат станет ключевой площадкой для подготовки новых чемпионов, популяризации шахмат среди молодежи и создания возможностей для совершенствования мастерства игроков», - сказал Т.Турлов.

Проект реализован Казахстанской федерацией шахмат (KazChess) при поддержке генерального партнера — компании Freedom Broker. Дом шахмат оборудован современными игровыми залами, которые обеспечивают комфортные условия для обучения, тренировок и проведения соревнований. Центр также будет использоваться для организации учебно-тренировочных сборов, подготовки шахматистов к крупным турнирам и повышения их профессионального уровня.

Особое внимание уделено созданию условий для мастер-классов, которые будут проводить именитые гроссмейстеры. Центр станет площадкой для обмена опытом между шахматистами разных уровней.

На сегодняшний день в Акмолинской области шахматами занимаются 13 450 человек, с которыми работают 248 тренеров. В регионе действуют 5 детско-юношеских спортивных школ, где под руководством тренеров совершенствуют свои навыки 138 юных шахматистов. Кроме того, в области работают 395 школьных шахматных секций, где обучается более 7 тыс. учащихся, а в 38 школах открыты курсы «Основы шахмат» в рамках вариативного компонента.

Для проведения турниров в регионе имеется квалифицированный судейский состав 11 судей первой категории, один судья международной категории и арбитр ФИДЕ.

Открытие Дома шахмат в Кокшетау стало важным этапом в развитии шахматного движения в Казахстане, предоставляя шахматистам новые возможности для роста и достижения высоких результатов.

14:42
522
Нет комментариев. Ваш будет первым!