Атбасар ауданының әкімі тағайындалды
2024 жылғы 6 желтоқсанда Ақмола облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және мәслихат депутаттарының мақұлдауымен, Атбасар ауданының әкімі болып Кенеш Әлімжанов тағайындалды.
Жаңа әкімді аудан активіне Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов таныстырды. Ол аудан әкімдігіне жүктелген негізгі міндеттерді атап өтті.
Жаңа әкімнің алдына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету міндеті қойылды. «Әр тұрғын үшін қолайлы өмір сүру жағдайлары коммуналдық қызметтердің сапалы жұмысымен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының тиімділігімен бағаланады. Басты міндеттердің бірі – сумен жабдықтау, жол инфрақұрылымын дамыту және әлеуметтік нысандарды салу бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтау. Сонымен қатар, аудан әкімдігі жылыту маусымын сәтті әрі үздіксіз өткізуі қажет», – деп атап өтті Елдос Рамазанов.
Бұдан бөлек, Атбасар ауданы әкімдігіне кәсіпкерлікті дамыту резервтерін толық пайдалану, мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін тиімді қолдану, жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жандандыру сынды тапсырмалар берілді.
Назначен аким Атбасарского района
Распоряжением акима Акмолинской области от 6 декабря 2024 года по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан и с согласия депутатов маслихата акимом Атбасарского района назначен Кенеш Алимжанов.
Нового акима активу района представил первый заместитель акима Акмолинской области Ельдос Рамазанов.
Перед новым акимом района К. Алимжановым поставлены задачи по дальнейшему социально-экономическому развитию Атбасарского района в рамках исполнения поручений Главы государства.
«Комфортные условия жизни для каждого жителя оцениваются в эффективной работе жилищно-коммунальных предприятий
и предоставлении качественных коммунальных услуг. Одно из главных задач – завершить реализуемые проекты по водоснабжению и развитию дорожной сети, строительству социальных объектов. Также акимату района необходимо благополучно и бесперебойно провести отопительный сезон», - отметил Е. Рамазанов.
Кроме того, акимату Атбасарского района поручено в полной мере использовать резервы развития предпринимательства и имеющийся потенциал в виде государственной поддержки, активизировать работу по придорожной инфраструктуре и др.