Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Ақмолалықтардан «112» қызметінің ескертулерін тыңдауға сұралды

​Ақмолалықтардан «112» қызметінің ескертулерін тыңдауға сұралды

Ақмола облысының ТЖ Департаменті «Қысқы кезеңде автожолдарды жабу және қауіпсіздік ережелері туралы» брифингін өткізді.

Бүгінгі таңда күнтізбелік қыс әлі келмесе де, Ақмола облысында облыстың автожолдарын шектеу және жабу бойынша шаралар бірнеше рет қабылданды.Ақмола облысы ТЖД ТЖЖБ бастығының м.а. Дулат Қайыртаев облыстың өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында құтқарушылардың алдағы қысқа дайындығы туралы айтып берді. Атап айтқанда, шұғыл жағдайларда пайдаланылатын жоғары өтімді шассиде 82 автокөліктің, 3 трассалық медициналық-құтқару пункттерінің (Аршалы, Бұланды және Жақсы аудандарында) дайындығы қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар азаматтарды қабылдауға және уақытша орналастыруға арналған 277 жылыту пункті мен 219 тамақтану пункті дайындады. ЖАО, жол қызметтері және әкімшілік полициямен бірлесіп, облыстың автомобиль жолдарындағы ахуалға тәулік бойы мониторинг жүргізіледі және оларды жою бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

Азаматтардың қауіпсіздігі өз қолында. Осыған байланысты Ақмола облысының ТЖ департаменті « 112 « құтқару қызметі жіберген хабарламаларды тыңдауға сұрайды. Алайда, қысқы кезеңнің басынан бастап республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың жабық учаскелеріндегі блокпосттардан жылыту пункттеріне 40 адам эвакуацияланды және орналастырылды, олардың ішінде 9 бала.

Ақмола облысы ТЖД

21:57
174
Нет комментариев. Ваш будет первым!