Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

​Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 13 қарашадағы өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, сондай-ақ мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Степногорск қаласының әкімі болып Гайдар Қасенов тағайындалды.

Степногорск қаласының жаңа әкімін облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов қала активіне таныстырды.

Елдос Рамазанов бұрынғы әкім Алпысбай Қайыржановқа алғысын білдіріп, жаңа әкімге сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Гайдар Қасеновке қаланы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.

«Бүгінгі күні жылыту маусымында қала әкімі үшін ең басты міндет – халықты және әлеуметтік нысандарды жылумен үздіксіз және тұрақты қамтамасыз ету. Сондай-ақ, сумен жабдықтау нысандарының жұмысын аяқтау және оларды уақытында іске қосу ерекше бақылауда болуы қажет», - деп атап өтті Е.Рамазанов.

Сонымен қатар, Степногорск қаласының әкімдігіне инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту және тұрғын үй құрылысы бойынша нақты жұмыстар жүргізу тапсырылды.


Назначен новый аким города Степногорска

Распоряжением акима Акмолинской области от 13 ноября 2024 года по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан и с согласия депутатов маслихата акимом города Степногорска назначен Гайдар Касенов.

Нового главу Степногорска активу города представил первый заместитель акима Акмолинской области Ельдос Рамазанов.

Ельдос Рамазанов поблагодарил бывшего акима Алпысбая Каиржанова и пожелал успехов новому акиму.

В рамках поручений Главы государства перед Гайдаром Касеновым поставлен ряд задач по развитию города и созданию комфортных условий для населения.

«На сегодняшний день первоочередной задачей в отопительный сезон для акима города является бесперебойная и стабильная подача тепла для социальных объектов и населения.Также на особом контроле необходимо держать завершение работ и своевременный ввод объектов водоснабжения», - отметил Е. Рамазанов.

Также акимату Степногорска поручено провести четкую работу по привлечению инвестиции, созданию новых рабочих мест и развитию сферы предпринимательства, а также жилищного строительства. 

21:54
232
Нет комментариев. Ваш будет первым!