Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Қазақстан миллениалдары бүгінгі заманды қалай өзгертуде?

​Қазақстан миллениалдары бүгінгі заманды қалай өзгертуде?

Алматыда Виктор Елисеевтің «Дети 90-х» зерттеу кітабының таныстырылымы өтті.

7 қарашада Алматыда автор және маркетинг бойынша сарапшы Виктор Елисеевтің бірегей зерттеуі- «Дети 90-х» кітабының тұсаукесері өтті. Миллениалдар ұрпағына арналған бұл басылым 1986-2000 жылдар аралығында туылған адамдардың өзара ықпалдасу ерекшеліктері, медиа саласында не қалайтындықтары және құндылықтары терең әрі жан-жақты тұрғыдан зерделенген еңбек.

Миллениалдар Қазақстанның еңбекке қабілетті халқының 63% және жасы 24-тен 37 жасқа дейінгі Қазақстан тұрғындарының 23% құрайды. Қазақстанда миллениалдардың 60% астамы экономикалық және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуда. Миллениалдар Қазақстанның стартап-экожүйесінің негізгі қатысушыларына айналды: жаңа кәсіпорындар мен бизнестің 70% астамын дәл осы буынның өкілдері құрап отыр. Олар дәстүрлі салаларды түрлендіруде маңызды рөл атқара отырып, тәуекелге баруға, жаңа тәсілдерді қолдануға және оны енгізуге дайын.

"Менің ойымша, көптеген адамдар үшін қазақстандық миллениалдардың бойында өзін-өзі бағалаушылық сезімі жоғары болғанымен, депрессияның да деңгейінің жоғары болатындығы күтпеген жәйт болар. Оларда еркіндік көбірек. Цинизм да көбірек. Бұл ұрпақтың амбициясы мен арманы зор, бірақ олар оны шындыққа айналдырудан жасқанады. Қазақстандағы миллениалдар отбасылық және мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Үлкен адамдарға деген көзқарастары бөлектеу. Еңбек етуге деген де көзқарастары өзгешелеу. Миллениалдардың 90% астамы бір компанияда үш жылдан артық жұмыс істемейді", дейді «Дети 90-х» кітабының авторы Виктор Елисеев.

Бұл жұмыс автор жүргізген екі жылдық зерттеуге негізделген, оған сауалнамалар мен сұхбаттар арқылы 400-ден астам қазақстандық қатысты. 2017 жылы Цюрихте миллениалдардың қазақстандық компаниялардың дамуына әсері тақырыбында Елисеевтің докторлық диссертациясының қорғауы өткен болатын.

Автор әлеуметтік-мәдени түрлендірудің қазақстандық миллениалдардың тұлғалық және кәсіби амбицияларының қалыптасуына әсерін талдайды.

7 қарашада «Santa Barbara» ностальгиялық клубында екі жүзден астам қонақтың қатысуымен кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл Виктордың достары мен әріптестері, қоғам қайраткерлері, эстрада жұлдыздары, медиасфера мен бизнес өкілдері.

"Тиімді жұмыс істеу үшін әр түрлі жастағы топтарға деген көзқарасты сақтай алу аса керек екенін ескеру қажет. Иә, миллениалдар ақпарат ағынында өте жақсы бағдарланған, ақпарат көлемі үлкен болса да, қажетті деректерді тез таба алады. Егер аға ұрпақ буын жоғары жалақы үшін жұмыс істесе, миллениалдар үшін жұмыс олардың өмір салтын қолдауы тиіс және жеке мақсаттарын жүзеге асыра алуымен маңызды. Виктор Елисеевтің кітабы миллениалдар үшін ғана емес, басқа да ұрпақ өкілдері үшін қызықты болады", - деді іс-шара қонағы, Алматы мәслихатының депутаты, кәсіпкер және журналист Қарашаш Жүзеева.

Автор негізгі ұрпақтарды егжей-тегжейлі сипаттайды. Миллениандармен қатар бұл бэби-бумерлер (1946-1964 жж. туылғандар), X ұрпағы (1965-1986 жж. т.), Z буыны (1997-2012 ж. т.) және альфа буыны - (2013-2025 ж. т.)

"Виктор Елисеевтің кітабы-қоғам, экономика білім, медианың түрленуі иірімінде біздің балаларымыздың бірнеше ұрпағының қандай метаморфозаларға ұшырағанын түсіндіре алатын көптен күткен зерттеу... Қалыптасқан стереотиптерді жоққа шығара отырып, ол миллениалдар ұрпағын түсінуге жол ашатын бизнес иелері мен топ-менеджерлеріне "кілттер" арсеналынұсынғандай". "Дети 90-х" - ұрпақтар арасындағы кикілжіңдерді жеңілдету және жұмсақ реттеу үшін пайдалы зерттеу", - деп бөлісті ойымен іс-шара қонағы Family Capital Institute мұрагерлік жоспарлау жөніндегі кеңесшісі Ермек Рүстембек-ұлы.

Автор туралы:

Виктор Елисеев-маркетинг, медиа-бизнес және PR саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіпкер. Select Group компаниясының иегері, сондай-ақ қазақстандық Медиа-саммит, Мarcon контент-маркетинг конференциясы, Astana Digital Forum және Алматыдағы "Жарнаманы жапырушылар түні" сияқты ірі іс-шаралардың ұйымдастырушысы болып табылады. Цюрихтегі SBS Swiss Business School-да "Миллениалдар және қазіргі компаниялардағы басқару эволюциясы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Бұл зерттеулер жаңа кітаптың негізін қалады. "Медиагрех" әдеби шығармасы үшін Леонардо Да Винчи атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты және үш кітаптың авторы.

********

Қосымша ақпарат:

Кітаптан:

Зерттеулер көрсеткендей, миллениалдар ұрпағы планетадағы жалғыз адамдардың қатарын құрайтындардың басым бөлігі екен, олардың төрттен бірінде мүлдем дос деген жоқ. Бар қызықтары технологиялық гаджеттер, сән әлемімен жақсы таныс және Балиге бару туры құнының қанша тұратындығын білетіндер. Кейде игректерді "бумеранг ұрпағы" деп те атайды.Компаниядан жұмыстан шығып кеткен, бірақ біраз уақыттан кейін қайтып келуге шешім қабылдаған қызметкерлер туралы осылай дейді.

********

X - "тәуелсіз балалардың" ұрпағы. Олардың ата-аналары өндірісте ауысыммен жұмыс істей отырып, көп уақыттарын жұмысқа арнағандар, сондықтан ерте жастан бастап олар тәуелсіз болуды үйренген: үй тапсырмасын орындау, ересектердің пеште қалдырған тамағын жылыту. Олар бәрін бастан өткергендер және өз тәжірибелерінен сабақ алуға тырысқандар.

X буыны болса дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына тарихи тұрғыдан көбірек сенетін болар, өйткені ол ұрпақ тәрбиені сол БАҚ-нан көргендер: 62% әлі газет оқиды, 48% радио тыңдайды, 85% теледидар көреді. Дегенмен, Х ұрпағы өкілдерінің 81% әлеуметтік желілерде белсенді байланысады, жартысы дастархан басында тамақтану кезінде гаджеттерді пайдаланады.

***************

Ү ұрпағы саны жағынан артып кеткенге дейін маркетологтар көптеген жылдар бойы назарларын бэби-бумерлер буынына аударып келген болатын. Бүгінгі күнде денсаулықтың және өмір сүру ұзақтығының жақсаруының арқасында бэби - бумерлер өкілдерінің көпшілігі жасы келсе де зейнетке шығып кетпегендер , 65 жасқа толғаннан кейін де жұмыс істеуді жалғастырып отырғандар. Олардың көпшілігі компанияларда көшбасшылық позицияларға ие және жас ұрпақтар тарапынан жаңа технологияларға бейімделе алмағаны және ескірген бизнес тәжірибені берік ұстанғандары үшін жиі сынға ұшырайды.

Бэби - бумерлер ұрпағын сондай-ақ "жеңімпаздар ұрпағы" деп те атайды Ауыр және жан түршігерлік соғыстар артта қалды, адамдар пацифизм мен жасампаздыққа негізделе отырып, әлемге өздерінің құндылықтарын дәлелдеуді қалап, өмір сүру нәтижелеріне басқаша мән бере бастағандар.

**************

Bloomberg планета халқының 32 %- астамында Z-ұрпағының өкілдерін санап берді, яғни 2,4 миллиард адам. Бұл бизнес үшін үлкен әлеует. Олардың философиялық және әлеуметтік көзқарастарына жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс, жаңартылған интернет (Web 2.0), мобильді технологиялардың дамуы әсер етті. Z буынының өкілдері Х буынының балалары, кейде Y буынының , яғни миллениалдардың балалары болып саналады.

Қосымша ақпарат алу үшін және сұхбаттасу мәселесі бойынша Марина Гяуроваға + 7 7773641933 телефоны бойынша хабарласыңыз.

13:06
288
Нет комментариев. Ваш будет первым!