Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Соттың сұрау салуын орындамағаны үшін аудан әкіміне ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылды

​Соттың сұрау салуын орындамағаны үшін аудан әкіміне ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылды

Соттың сұрау салуын орындамағаны үшін аудан әкіміне ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылды

Облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жер теліміне құқықты қайта ресімдеу жөніндегі аудан әкімдігінің қаулысын заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы Т.-ның талабын қарады.

Алқаның қаулысымен талап қанағаттандырылып, әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылды.

Істі қарау барысында алқа іс бойынша елеулі маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін даулы жер теліміне қатысты іс материалдарында жоқ мәліметтерді талап ете отырып, аудан әкіміне сот сұрау салуын жолдады.

Сот процеске қатысушыларды уақытылы және толық көлемде мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қажет деп сот сұрау салуын жіберетінін ескерткен.

Әкім сот сұрауын уақтылы алған, бірақ сот белгілеген мерзімде оны орындамаған және орындау мерзімін ұзарту жөніндегі алқаға жүгінбеген.

Соттың сұрау салуын орындамағаны жауапкермен іс жүргізу құқығын теріс пайдаланғанын куәландырады.

Облыстық сот алқасының ұйғарымымен аудан әкіміне 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі


Суд наложил на акима района денежное взыскание за неисполнение судебного запроса

Судебная коллегия по административным делам областного суда рассмотрела иск Т. о признании незаконным и отмене постановления акимата района по переоформлению прав на земельный участок.

Постановлением коллегии иск в части признания незаконным и отмене постановления акимата удовлетворён.

В ходе рассмотрения дела, коллегией был направлен судебный запрос акиму района с истребованием отсутствующих в материалах дела сведений в отношении спорного земельного участка для установления обстоятельств, имеющих существенное значение по делу.

Коллегия предупредила участников процесса о направлении судебных запросов, на которые своевременно и в полном объеме необходимо предоставить сведения и документы.

В суде установлено, что аким своевременно получил судебный запрос, но в установленный судом срок не исполнил его и в коллегию по продлению срока исполнения не обращался.

Невыполнение запроса суда свидетельствует о злоупотреблении ответчиком процессуальными правами.

Определением коллегии областного суда на акима района наложено денежное взыскание в размере 20 МРП (73 840 тенге).

Определение вступило в законную силу.

Пресс-служба Акмолинского областного суда

15:25
134
Нет комментариев. Ваш будет первым!