Ақмола облысы құс еті және жұмыртқа өндірісі бойынша көшбасында
Ақмола облысы құс еті және жұмыртқа өндірісі бойынша көшбасында
Ақмола облысы Агроөнеркәсіптік кешендегі өз позициясын нығайтып, құс еті мен жұмыртқа өндірісі бойынша Қазақстанның көшбасшылары қатарынан көрінді. Сонымен қатар, өңірде сүтті және етті мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі де артқан. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Орталық Азиядағы ең ірі Макинск құс фабрикасының іске қосылуының және «Ақ Дала Агро» қуатының артуына байланысты Ақмола облысының құс етін өндірудегі республика бойынша үлесі 30 пайызды құрады. Мұнда жыл сайын шамамен 125 мың тонна құс еті өндіріледі. Сонымен қатар, аймақ жалпы республикалық көлемнің 16 пайызын қамтамасыз ете отырып, тауық жұмыртқасын өндіру бойынша елдегі бірінші орынды иеленеді, бұл жылына 700 млн данаға тең.
Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың басым бағыттарының қатарында сүт және етті мал шаруашылығы бар. Қазіргі уақытта жалпы саны 2,4 мың басы бар 46 ет фермасы, сондай-ақ 36,5 мың басқа есептелген сегіз ірі бордақылау алаңдарынан тұратын желі жұмыс істейді. Сүт саласында жалпы саны 15 мыңнан асатын 57 мамандандырылған ферма бар.
«Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында 6 мың басқа арналған жеті ірі тауарлы-сүт фермасын құру жұмыстары жалғасуда. Бұл тауарлық сүт өндірісін 40 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Целиноград ауданында «АФ Родина» 1,1 мың басқа және «Али Дала» 1,5 мың басқа, сондай – ақ Аршалы ауданында «Temir Agro» 600 басқа арналған үш тауарлы - сүт фермасы пайдалануға берілді», - деді басқарма басшысы.
Облыс бойынша мал қыстату үшін қажетті бір жарым жылдық шөп қоры дайындалды.
Жыл басынан бері өңірде тірі салмақта 146 мың тонна ет, 184 мың тонна сүт және 526 млн тауық жұмыртқасы өндірілді. Бұл көрсеткіштер өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты өсуін білдіреді.
Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жақсы дамып келеді. Қазіргі уақытта 67 өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның 16 ет өңдеумен, 15 сүт өңдеумен, 28 ұн тартатын кәсіпорын, ал 8 майлы дақылдарды өңдеуге маманданған.
Жыл басынан бері азық-түлік өндірісі 4,8 пайызға артты. Әсіресе сүт, өсімдік майы және ұн өндірісінің өсуі байқалады.
«Мемлекет басшысы алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік сектордағы қайта өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру міндетін қойды. Осы мақсатқа жету үшін өңірде 80 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша Жол картасы бекітілді. Биыл 17 жоба іске асырылып, инвестиция тарту жұмыстары жалғасады», - деп атап өтті Кенеш Әлімжанов.
Акмолинская область стала лидером по производству мяса птицы и яиц
Акмолинская область укрепляет свои позиции в агропромышленном комплексе, став лидером Казахстана по производству мяса птицы и яиц. Наряду с этим, регион активно развивает молочное и мясное скотоводство, а также расширяет переработку сельхозпродукции, что способствует росту сельского хозяйства и привлечению инвестиций. Об этом на брифинге рассказал руководитель облуправления сельского хозяйства и земельных отношений Кенеш Алимжанов, передает Региональная служба коммуникаций.
Благодаря запуску крупнейшей в Центральной Азии Макинской птицефабрики и расширению мощностей “Ак Дала Агро”, акмолинский регион стал лидером Казахстана по производству мяса птицы, занимая 30% от общего объема по стране. Ежегодно здесь производится порядка 125 тысяч тонн мяса птицы. Кроме того, регион удерживает первое место в стране по производству куриных яиц, обеспечивая 16% общереспубликанского объема, что эквивалентно 700 млн штук в год.
Среди приоритетных направлений развития агропромышленного комплекса региона остаются молочное и мясное скотоводство. В настоящий момент функционируют 46 мясных ферм с общим поголовьем 2,4 тысяч голов, а также сеть из восьми крупных откормочных площадок, рассчитанных на 36,5 тысяч голов. В молочной отрасли действуют 57 специализированных ферм с общим поголовьем более 15 тысяч голов.
“В рамках программы льготного кредитования продолжается работа по созданию семи крупных молочно-товарных ферм на 6 тысяч голов. Это позволит увеличить производство товарного молока на 40 тысяч тонн, что составит рост в 1,5 раза. Уже введены в эксплуатацию и расширены мощности трех молочно-товарных ферм: в Целиноградском районе – «АФ Родина» на 1,1 тысяч голов и «Ен Дала» на 1,5 тысяч голов, а также в Аршалынском районе – «Temir Agro» на 600 голов”, - рассказал руководитель ведомства.
На предстоящую зимовку скота регион заготовил полуторагодичный запас сена благодаря увеличению площадей кормовых культур. Также завершены работы по заготовке грубых и сочных кормов в полном объеме, что гарантирует достаточное питание для поголовья в холодное время года.
С начала года в регионе произведено 146 тысяч тонн мяса в живом весе, 184 тысяч тонн молока и 526 млн куриных яиц. Эти показатели подтверждают устойчивый рост агропромышленного комплекса региона.
Кроме этого, регион активно развивает переработку сельскохозяйственной продукции. В настоящее время работают 67 перерабатывающих предприятий, из которых 16 занимаются переработкой мяса, 15 – молока, 28 – мукомольные предприятия, а 8 специализируются на переработке масличных культур.
С начала года объем производства пищевых продуктов вырос на 4,8%. Особенно заметен рост производства молока, растительного масла и муки.
“Президентом страны поставлена задача увеличить долю переработанной продукции в агропромышленном секторе до 70% в течение ближайших трех лет. Для достижения этой цели в регионе утверждена Дорожная карта по реализации 80 инвестиционных проектов. В этом году уже реализованы 17 проектов, и работа по привлечению инвестиций будет продолжена”, - отметил Кенеш Алимжанов.