Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​CONNECTED-2024 конференциясында болашақ жайлы бірнеше бестселлер авторы хэдлайнер болады

​CONNECTED-2024 конференциясында болашақ жайлы бірнеше бестселлер авторы хэдлайнер болады

CONNECTED-2024 конференциясында болашақ жайлы бірнеше бестселлер авторы Юваль Ной Харари хэдлайнер болады

Қазақстанның елордасы Астана қаласында 2024 жылдың 18-19 қазан күндері жаһандық нарротивтер мен болашақтың бейнесін пайымдау тақырыптарын талқыға салатын CONNECTED-2024 халықаралық конференциясы өтеді.

Конференцияға 20 елдің 1500-нан астам өкілі қатысады. 70-тен аса халықаралық спикерлер қатысатын 18 панельдік сессия жұмыс жасайды.

Тарихшы, футуролог, адамзаттың болашағы жайынша бірнеше бестселлер кітаптардың авторы Юваль Ной Харари - іс-шараның хэдлайнерінің бірі. Харари сұрақтарға тікелей эфирде жауап береді деп күтілуде.

Юваль Ной Харари – тарихшы және жазушы, оның адамзат болашағы туралы көзқарастары білім беру эволюциясын талқылауға мүмкіндік береді. Оның идеялары конференция тақырыптары үшін кеңірек контекст бере алады.

Харари – «Sapiens: A Brief History of Humankind, Homo Deus: ертеңгі күннің қысқаша тарихы», «21 ғасырға арналған 21 сабақ», «Сапиенс: графикамен жазылған тарих» және «Біз тоқтамаймыз» сериялары және «NEXUS: Ақпарат желілерінің тас ғасырдан Жасанды интеллектке дейінгі қысқаша тарихы» бестселлер кітаптарының авторы. Оның туындылары 65 тілге аударылып, 45 миллионнан астам тиражбен сатылды және ол бүгінгі күні әлемдегі ең ықпалды интеллектуалдардың бірі болып саналады.

Харари сонымен қатар The Guardian, The Financial Times, The New York Times, TIME, The Washington Post және The Economist сияқты басылымдарға мақала жазады.

Конференцияға қатысатын спикерлер тізімі:

  • §Мамаду Квиджим Туре, Ubuntu командасының негізін қалаушы және жетекшісі, жүйелі ойшыл, филантроп, Африкадағы ең ықпалды ТОП 10 адам тізіміне енген (Forbes), Жас жаһандық көшбасшы (WEF) (Біріккен Араб Әмірліктері).
  • §Луциан Тарновский, United People қозғалысының және UP Game негізін қалаушы, Дүниежүзілік экономикалық форум шешімі бойынша жас жаһандық көшбасшы, индуист- футуролог (Испания)
  • §Мей Лин Фунг, People Centered Internet компаниясының төрағасы және тең құрылтайшысы, IEEE IC Social Impact Measurement төрағасы, Impact Network құрылтайшысы (АҚШ)
  • §Лука Лантеро, Лиссабондық тану конвенция комитетінің президенті, ASEM (Азия-Еуропа форумы) білім беру хатшылығының басшысы (Италия).
  • §Барбара Оакли, Окленд университетінің инженерия саласындағы құрметті профессоры(АҚШ)
  • §Нинослав Шчуканец-Шмидт, Білім беруді дамыту институтының атқарушы директоры (Хорватия).
  • §Риз Хан, журналист, тележүргізуші, CNN International, Al Jazeera English арнаналарының бұрынғы жүргізушісі(Ұлыбритания).
  • §Стив Кинг, Еуропа, Орталық Азия және Оңтүстік және Солтүстік Американың Білім беру серіктестігінің жетекшісі (Ұлыбритания)
  • §Торнике Джобава, GITA (Грузия инновациялық және технологиялар агенттігі) төрағасының орынбасары (Грузия).
  • §Йохен Бербнер, Еуразиялық Топтың (ERG) Бас директорының технологиялар және операциялар жөніндегі орынбасары (Қазақстан).
  • §Арнур Маденов, Бибігүл Төлегенова атындағы шығармашылық мектебінің бас директоры (Қазақстан)
  • §Диана Райан, Бизнесті дамыту жөніндегі директор, Орталық Азиядағы HP (Қазақстан)

CONNECTED конференциясы жаһандық мәселелерді бейбіт көзқараста талқылауымен ерекшеленеді.

Ұйымдастырушылар болашаққа мәдениет, философия және технологиялар мен инновациялар арқылы, табиғатпен үндесе отырып бейбіт көзқараспен қарауға шақырады.

Қазіргі заманның негізгі қатерлері мен мүмкіндіктерін талдау үшін конференция бүкіл әлемдегі өзгерістер агенттерін – жаһандық құндылықтарды дамытудың, сондай-ақ білім мен тәжірибені саналы түрде қолданудың маңыздылығына сенетіндерді біріктіреді.

CONNECTED бағдарламасы кілтті үш блокқа негізделген: «Future Shaping» (Жаңа үлгі мен болашақтың картасын жасау), «Future Education & Science» (болашақ үшін шынымен маңызды білім тақырыбына арналған бөлім) және «EdTech and Impact Entrepreneurship» (Жаңа әлемдегі білім мен технологиялардың пайдасы мен әсері).

Негізгі міндет – болашақтың біртұтас, синхронды бейнесін жасау және болашақ ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырудың қалай қажет екенін түсіну.

Конференцияның бас демеушісі – AITAS холдингі, еліміздің жетекші агроөнеркәсіптік холдингі.

Толық мәлімет пен қатысу шарттары шараның ресми сайтында берілген: www.connected.kz.

БАҚ үшін байланыс нөмірлері:

+7 702 888 3138

+7 778 577 3866

+7 701 216 88 62

E-mail: media@connected.kz

17:16
202
Нет комментариев. Ваш будет первым!