В Кокшетау в этом году введут в эксплуатацию две комфортные школы
Көкшетауда биыл екі жайлы мектеп пайдалануға беріледі
Облыс орталығында әлеуметтік сала нысандарының құрылысы белсенді жүзеге асырылуда. Бүгінде қалада 22 көппәтерлі тұрғын үй, 2 жайлы мектеп, 3 балабақша, колледждер мен университеттерге арналған 4 жатақхана салынуда, сондай-ақ Красный Яр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы жүргізілуде. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 19 балалар және спорт алаңдары салынуда. Оған қоса, Красный Яр ауылында 7 спорт алаңы мен 6 балалар алаңын салу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов білім беру нысандары мен Вернадский көшесіндегі тұрғын үй кешені құрылысының қарқынымен танысты.
Бес қабатты 4 тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Мердігер компания өкілі Әділбек Қайролланың айтуынша, осы жылы 3 үйді тапсыру жоспарлануда. Тұрғын үй кешендеріндегі 45 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға арналған.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айында бұл жер учаскесінде су тасқынынан зардап шеккен ескі үйлерді бұзу жұмыстары іске асқан еді. Осыдан кейін облыс әкімінің бастамасымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында мердігер ұйым «Integra Construction KZ» ЖШС үйлердің құрылысын бастады.
«Жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжінің» 450 орындық жатақханасының құрылысы аяқталуда. Мердігер ұйым ғимаратты ішін безендіру және аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Құрылысқа жүзден астам адам жұмылдырылған.
Өңір басшысы жобаның жүзеге асырылуына оң баға берді.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Қойылған міндеттерді орындау үшін біз білім алуға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Бүгінде еңбек нарығына білікті мамандар қажет», - деп атап өтті М.Ахметжанов.
Облыс әкімі «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынып жатқан екі мектептің құрылысына да барды. Әр мектеп 1500 орынға есептелген. Жобаны іске асыру қаланың жұмыс істеп тұрған мектептеріндегі оқушы орындарының тапшылығын азайтпақ.
Нысанда «УК Строй» ЖШС мердігерлік ұйымы ішкі әрлеу және инженерлік коммуникация тарту шараларын жүргізуде, ал «Integro Construction KZ» ЖШС құрылыс-монтаждау және ішкі әрлеу жұмыстарын іске асыруда. Мектепке дейінгі ұзындығы 1.3 шақырым жолды салу жұмыстары аяқталып келеді.
Облыс әкімі білім басқармасына мектептердің педагогикалық құрамын жасақтауды, оқушылардың сапалық тізімін дайындап, оларды мектептер арасында тепе-тең бөлуді тапсырды.
В Кокшетау в этом году введут в эксплуатацию две комфортные школы
В областном центре Акмолинской области активно реализуются строительство обьектов социальной сферы. Сегодня в городе ведется строительство 22 многоквартирных жилых домов, 2 комфортных школ, 3 детских садов, 4 общежитии для колледжей и университета, а также ФОКа в с.Красный Яр. В рамках проекта «Бюджет народного участия» строятся 19 детских и спортивных площадок. Дополнительно проводится работа по строительству 7 спортивных площадок и 6 детских площадок в селе Красный Яр.
В рамках рабочей поездки аким Акмолинской области Марат Ахметжанов ознакомился с темпами строительства объектов образования и жилого комплекса по улице Вернадского.
На строительной площадке4-х пятиэтажных многоквартирных жилых комплексов работают порядка 100 человек. По словам представителя ТОО Адильбека Кайролла в текущем году планируется сдача 3-х домов, из которых 45 квартир будут предназначены для социально – уязвимых слоев населения.
Напомним, что в апреле текущего года на данном земельном участке произведен снос ветхого жилья, пострадавшего от паводка.
По инициативе акима области в рамках социальной ответственности бизнеса подрядной организацией - ТОО «Integra Construction KZ» начато строительство домов.
Завершается строительство общежития «Высшего многопрофильного колледжа гражданской защиты» на 450 мест. Подрядной организацией ведется работа по внутренней отделке здания и благоустройству территории. На участке задействовано порядка 110 человек.
Руководитель региона положительно отметил реализацию проекта.
«Глава государства в своем Послании объявил 2025 год – годом рабочих профессий. Для исполнения поставленных задач мы должны создавать комфортные условия для получения образования. Сегодня рынок труда нуждается в квалифицированных специалистах», - подчеркнул М. Ахметжанов.
Аким области также побывал на строительстве двух школ возводимых в рамках Национального проекта «Комфортная школа». Школы расcчитаны на 1500 мест. Реализация проекта позволит разгрузить наполняемость действующих школ города.
Подрядной организацией ТОО «УК Строй» ведутся внутриотделочные работы, проводятся инженерные коммуникации. ТОО «ИНТЕГРО Construction KZ» аналогично ведутся строительно-монтажные и внутриотделочные работы. На стадии завершения строительство дороги к комфортной школе протяженностью 1,3 км.
Аким области поручил руководству управления образования провести работу по обеспечению школ профессиональным преподавательским составом, составить качественный список учеников и равноценно распределить их по школам.