Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Депутаттар ветеринариялық қызметтің проблемаларын талқылады

​Депутаттар ветеринариялық қызметтің проблемаларын талқылады

Депутаттар ветеринариялық қызметтің проблемаларын талқылады

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық шеңберінде аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Ақмола облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Ақмола облысының ветеринария басқармасының жұмысы туралы» сұрақ қаралды.

Депутаттар Әбілқайыр Ошақбаевтің төрағалығымен ветеринариялық қызмет басшыларымен бірге өңірлердің өзекті мәселелерін талқылады. Бұл, ең алдымен, мамандардың жетіспеушілігі. Кадр тапшылығының себептері бұрыннан белгілі – төмен жалақы, ауыр еңбек жағдайлары, кәсіптің беделінің болмауы және соның салдарынан жастардың ауылдық ветеринарларға барғысы келмеуі.

Мал қорымдарының жағдайы – тағы бір кедергі. Депутаттар ауылдық округтерде мал қорымдарын салу, ретке келтіру мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Ветеринария басқармасының басшысы аталған проблемаларды шешу үшін облыс аумағында бар мал қорымдарын сәйкестендіру және 2019-2025 жылдарға арналған жаңа үлгілік мал қорымдарын кезең-кезеңімен салу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін айтты.

Сондай-ақ, отырыста қаржыландыруды қажет ететін проблемалар көтерілді: қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған питомниктердің болмауы, ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша статистикалық деректерді цифрландыру, ветеринариялық станциялардың материалдық-техникалық базасын нығайту және т.б. мәселелер.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі


Проблемы ветеринарной службы рассмотрели депутаты

В рамках подготовки к очередной сессии областного маслихата состоялось заседание постоянной комиссии по аграрным вопросам и индустриально-инновационного развития, на котором был рассмотрен вопрос: «О работе управления ветеринарии Акмолинской области по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории Акмолинской области в свете требований Закона Республики Казахстан «О ветеринарии».

Депутаты под председательством Абилкаира Ошакбаева вместе с руководителями ветеринарных служб обсудили остро стоящие проблемы регионов. Это, прежде всего, нехватка специалистов. Причины кадрового дефицита давно известны – низкая заработная плата, тяжелые условия труда, отсутствие престижа профессии и, как следствие, нежелание молодых идти в сельские ветеринары.

Состояние скотомогильников – еще один камень преткновения. Депутаты не раз поднимали вопрос по строительству, приведению в порядок скотомогильников в сельских округах. Руководитель управления ветеринарии пояснил, что для решения имеющихся проблем утвержден план мероприятий по идентификации имеющихся скотомогильников на территории области и поэтапному строительству новых типовых скотомогильников на 2019-2025 годы.

Также на заседании поднимались проблемы, требующие финансирования: отсутствие питомников для бродячих собак и кошек, оцифровка статистических данных по сельскохозяйственным животным, укрепление материально-технической базы ветеринарных станций и т.д.

Пресс-служба Акмолинского областного маслихата

11:41
264
Нет комментариев. Ваш будет первым!