Ақмола аграршылары егіннің төрттен бірін жинады. Акмолинские аграрии собрали одну четверть урожая
Ақмола аграршылары егіннің төрттен бірін жинады
Облыс әкімі Марат Ахметжанов Есіл ауданының аграрийлерімен кездесіп, егін жинау науқанының барысы мен мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуын талқылады.
Биыл облыста алғашқылардың бірі болып «Тней Агро» ЖШС «Кен дала 2» бағдарламасы бойынша қаржы алды.
«Біз егін жинау науқаны үшін барлық қажетті құралдар мен жабдықтарды уақытылы сатып ала алдық. Бұл қазір өз жемісін берді. Біздің егістіктегі орташа өнімділік гектарына 20 центнерден асады», - деді директор Дамир Балданов.
Облыс әкімі егін жинау науқаны белсенді өтіп жатқан «Шаңырақ Р» ЖШС алаңдарын аралады.
Кәсіпорын басшысы Уәли Рахметовтың айтуынша, астықтың 33 пайызы жиналды, орташа өнімділік 18 ц/га құрайды. Серіктестіктің алқабында бидайдың Августина және Айна сұрыптары өседі. Олардың өнімділігі гектарына 18 және 20 центнерді құрады. Орақ науқанына техника лизингіне жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша сатып алынған 4 комбайн жұмылдырылған.
Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірде 1155 мың га немесе 24.6% жиналды. Егіннің орташа өнімділігі 12,5 ц/га болған кезде, шамамен 1446,3 мың тонна астық бастырылды. Күзгі дала жұмыстарын үйлестіру үшін облыстық жедел штаб жұмысын бастады, осыған ұқсас штабтар әр өңірде құрылған.
Осы жылдың орақ науқанына 8,9 мың астық жинайтын комбайн, оның ішінде 4,8 мың заманауи өнімділігі жоғары комбайн, 2,6 мың орақ және 4,8 мың жүк автомобильдері тартылмақ.
Ақмола облысында егін жинау жұмыстарын жүргізуге 83 мың тонна дизель отынының кепілдендірілген көлемі бөлінді, оның ақырғы сату бағасы тоннасына 250 мың теңгені құрайды.
Акмолинские аграрии собрали одну четверть урожая
Аким области Марат Ахметжанов встретился с аграриями Есильского района, где обсудили ход уборочной кампании и реализацию мер государственной поддержки.
В этом году одним из первых в области получило финансирование по программе «Кен дала 2» ТОО «Тней Агро» через АО "СПК "Kokshe".
«Мы своевременно смогли закупить все необходимые средства и оборудование для уборочной кампании. Сейчас это принесло свои плоды. Средняя урожайность на наших полях составляет более 20 центнеров с гектара», - рассказал директор Дамир Балданов.
Аким области посетил поля ТОО «Шанырак Р», где активно проходит уборочная кампания.
По словам руководителя предприятия Уали Рахметова, убрано 33 процента, средняя урожайность составляет 18 ц/га. На полях ТОО выращивают сорта пшеницы Августина и Айна. Их урожайность составила 18 и 20 центнеров с гектара. В уборке задействованы 4 комбайна, приобретенных по программе льготного кредитования лизинга техники.
К слову, на сегодняшний день в регионе убрано 1155 тыс га, или 24,6%. При средней урожайности 12,5 ц/га намолочено порядка 1446,3 тыс. тонн зерна. Действует областной оперативный штаб по координации осенне-полевых работ, аналогичные штабы созданы в каждом регионе.
В уборке урожая текущего года будет задействовано 8,9 тыс. зерноуборочных комбайнов, в том числе 4,8 тыс. современных высокопроизводительных комбайнов, 2,6 тыс. жаток и 4,8 тыс. грузовых автомобилей.
На проведение уборочных работ Акмолинской области выделено 83 тыс. тонн гарантированного объема дизельного топлива, отпускная цена которого составляет250 тыс. тенге за тонну.