Облысының әкімдігі мен Beeline Қазақстан өңірдегі байланыс пен цифрландыру мәселесін талқылады
Көкшетауда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов пен Beeline Қазақстанның бас директоры Евгений Настрадинмен кездесуі өтті. Кеңес жұмысына Цифрландыру және архивтер басқармасын басшысының м.а. Нұрбол Өтебаев, Туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский қатысты.
Жақтастар, Зеренді мен Бурабай аудандарындағы телекоммуникациялық инфрақұрылымы мәселелерін, сондай-ақ, жалпы өңірдің одан әрі цифрландыруын талқылады.
2023 жылы Ақмола облысында ұтқырлы байланысты дамыту мақсатында, Beeline Қазақстан жаңа станцияларды іс қосып 31 негізгі станцияларды жаңғыртты. 2024 жылы компания осы бағыттағы жұмысын жалғастыруда және соған қоса бірнеше жаңа базалық станциялардың салуын, қолданыстағы 140 станциялардағы жабдығын жаңартуын көздейді. Бұл, «ақ дақтар» деп аталатын ұтқырлы байланыспен жеткіліксіз мөлшерде қамтылмаған, аумақтарды жоюына мүмкіндік туғызады.
«Біз орналасқан жеріне қарамастан, барлық тұрғындар үшін сапалы байланыс пен жылдам интернетті қолжетімді етуге тырысамыз. Біздің компания, әлсіз қамту аймақтарын жоюға барынша ат салыса отырып Ақмола облысының әрбір тұрғынның сенімді және тұрақты байланысқа қосылуына сене алатындай базалық станцияларды салу мен жаңғырту арқылы инфрақұрылымды белсенді дамытады»,— деп атап өтті Евгений Настрадин.
Кездесу барысында Щучье-Бурабай курорттық аумағының қамтылуының дамытуына ерекше назар аударылды. Қазір ауданда 22 базалық станция жұмыс істейді, тағы екеуі Бурабай кентінде салынып жатыр. Бұның арқасында туристер мен жергілікті тұрғындарға тұрақты байланыс қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, Beeline Қазақстанның мемлекеттік органдармен және инвесторлармен қоян-қолтық жасалып жатқан жұмысы талқыланды. 2024 жылы Садовое ауылы, Зеренді ауданындағы Красный Яр және Зерен кенттері, сондай-ақ, Бурабай ауданындағы Атамекен кенті сияқты бірнеше елді -мекендерде базалық станциялардың іске қосылуы жоспарлануда. Бұл серіктестіктің көздейтіні телекоммуникациялық желіні кеңейту және шалғай мен ауылдық жерлердегі байланыс сапасын жақсартуы.
Әкім орынбасары Ернар Жаркешов компанияның бастамаларына қолдау көрсетті:
«Телекоммуникациялық инфрақұрылымның дамуы өңірді цифрландырудың маңызды тетігі болып табылады. Біз, өз тарапымыздан облыс тұрғындарын заманауи және сенімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету үшін Beeline Қазақстанмен қоян-қолтық жұмыс жасауға дайынбыз. Бірігіп, біз көзделген мақсаттарға қол жеткізіп өңіріміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз».
Талқыға салынған маңызды тақырыптарының бірі, Батыс Қазақстан, Қостанай мен Қарағанды облыстарындағы базалық станцияларда сәтті қолданылып жүрген «Орман күзетшісі» деп аталатын, Orman-AI бейнебақылау жүйесі болды. 2024 жылы Ақмола облысында жүйені іске қосуы жоспарлануда, бұл, өңірдің табиғи ресурстарын қорғай отырып, орман өрттерін уақтылы анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Beeline Қазақстан NB-IOT желісі негізінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты цифрландыру үшін шешімдер ұсынды. Бұл технологиялар коммуналдық ресурстарды басқаруды оңтайландыруға және тиісті қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, бұл, өңірдің ТКШ жаңғыртудағы маңызды қадамы болады.
Сондай-ақ, компанияның білім беру бастамаларына ерекше назары аударылды. Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту бойынша қайырымдылық жобасы аясында, Beeline Қазақстан НЗМ стандартына дейін (Назарбаев Зияткерлік мектебі) бүкіл ел бойынша сегіз жалпы білім беретін мектепті жаңартты. Ақмола облысында сондай мектеп қатарына Бурабай ауданының Қатаркөл ауылындағы Досов атындағы мектеп қосылды. Мектеп заманауи жиһаздармен, спорттық жабдықтармен, бейне қабырғасымен, инфокиоспен, онлайн сабақтарды жазуға арналған арт-студиясымен және телестудиямен жабдықталған. Бір мектепке арналған бюджет 250 миллион теңгені құрады.
Ақмола облысы әкімдігі өкілдерінің Beeline Қазақстан СЕО-мен кездесуі өңірдегі телекоммуникациялық пен цифрлық инфрақұрылымның одан әрі дамыту стратегиялық маңыздылығын айқындап көрсетті. Барлық өткізілген және жоспарланған бастамалар өңір тұрғындарының өмірлік сапалығын арттыруына, өңірлік экономикасын қолдауына және ресурстарды тиімді басқару мен қауіпсіздігін қамтуына бағытталған. Кездесу барысында көздеген жоспарлар арқылы, өңірдің одан әрі өсуі мен дамуы үшін берік негізі қаланатын болады.