Жастар энергиясы: Қор өңірдегі беделді университетпен ынтымақтастық орнатты
Жастар энергиясы: Қор өңірдегі беделді университетпен ынтымақтастық орнатты
«Әділдік және Өркендеу» қоры мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Басты міндет – жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттыру, белсенді жастарды қолдау. Меморандум аясында Ақмола облысындағы беделді оқу орны саналатын университетте Қордың жастар қанаты құрылады.
— Университетімізде көшбасшы болатын жастар жетерлік, тек олардың қабілетін ашуға қолдау білдіру керек. «Әділдік және Өркендеу» қоры осыған көмектеседі. Белсенді студенттермен кездесу өткіземіз. Университетте заңгер мамандығы бойынша білім алып жүрген жастар қорымыздың заңгерлерімен бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Тұрғындардың өтінішін қарастыру бойынша білікті заңгерлердің тәжірибесін үйренеді, — дейді қор белсендісі Бекнұр Амангелді.
Меморандум аясында «Әділдік және Өркендеу» қоры студенттер өндірістік тәжірибеден өтетін ұйымдардың тізіміне енгізілді. Қазіргі уақытта бұл жоғары оқу орнында 8 мыңға жуық студент білім алады.
— Біздің тарап Қормен бірге жастарға арналған тренингтер өткізуге мүдделі. Нақты кейстерді көрсету арқылы студенттерге түрлі мәселені шешуге бірлесе қолдау көрсетеміз деген жоспар бар. Қор республика бойынша құқықтық сауатты арттыру, еңбеккерлердің құқығын қорғау жұмысын жүзеге асырады. Осы бастамаға біз де қосыламыз, — дейді Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің проректоры Ардақ Қапышев.
«Әділдік және Өркендеудің» Ақмола облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Бақыт Смағұлдың айтуынша, мұндай бастамалар жаңашыл тұлғаларды қалыптастыруға сеп болады.
Алдағы уақытта жастар қанаты аясында белсенді жастармен ынтымақтастық негізде жұмыс істеуге жол ашылып отыр. Жастар – ел болашағы. Қорға олардың күш-қуаты, энергиясы қажет, — дейді ол.
Молодёжь и право: «Әділдік және Өркендеу» будет сотрудничать с Кокшетауским университетом
Фонд «Әділдік және Өркендеу» и Кокшетауский университет имени Шокана Уалиханова договорились вместе поддерживать гражданский активизм молодёжи и повышать правовую грамотность студенчества. Меморандум о сотрудничестве подписали в стенах вуза представители обеих сторон. В рамках договорённостей в университете будет создано молодежное крыло «Әділдік және Өркендеу».
— В нашем университете достаточно молодых людей, которые станут лидерами, нам просто нужно поддержать и помочь раскрыть их способности. Фонд начнёт со встречи с активными студентами, где мы обсудим возможные направления работы. Молодые люди, изучающие право в университете, смогут работать вместе с юристами нашего фонда, вместе рассматривать обращения граждан, учиться оказывать правовую помощь, – говорит активист фонда Бекнур Амангельды.
Сейчас в вузе учатся около 8000 студентов. Согласно меморандуму, университет сможет направить в фонд студентов-практикантов, чтобы они получили первый реальный опыт общественной работы.
— Мы заинтересованы в проведении совместных тренингов для молодежи. Фонд проводит работу по повышению правовой грамотности и защите прав работников по всей республике. Мы тоже присоединяемся к этой инициативе, — отмечает Ардак Капышев, проректор Кокшетауского университета имени Ш. Уалиханова.