Как идет подготовка объектов образования к новому учебному году?
Мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіповтің қатысуымен әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссияның отырысына білім беру нысандарының жаңа оқу жылына қалай дайындалып жатқаны талқылады.
Білім басқармасы басшысының м.а. Айнагүл Балташева өз сөзінде жетекшілік ететін саладағы статистикалық деректерді ғана емес, сонымен қатар жаңа мектептерді, сондай-ақ күрделі жөндеуден кейін жекелеген білім беру объектілерін пайдалануға беруге байланысты проблемалық мәселелер мен тәуекелдерді де айтты.
Мәселен, қазіргі уақытта 1706 орындық 6 балабақша құрылысы жалғасуда. Жақын арада құрылысы аяқталып, 2 балабақшаның ашылуы жоспарлануда: Красный яр ауылындағы Нұрлы көш кентінде 280 орындық және Көкшетау қ. Сарыарқа шағын аудандағы мобильділігі төмен топтар үшін 166 орындық балабақша.
Бүгінгі таңда облыста 2 апатты мектеп бар (Біржан сал ауданы Бұланды ауылында және Жарқайың ауданы Бірсуат ауылында). Бұл мәселені шешу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен Бұланды ауылында 80 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Нысан ағымдағы жылдың қараша айында іске қосылады деп жоспарланған.
Жарқайың ауданы Бірсуат ауылындағы мектептің апаттылығын жою үшін жеке инвестициялар қаражаты есебінен 80 орындық мектеп құрылысы басталып, кейін оны сатып алу процессі жүргізіледі. Мектепті енгізу биылғы жылдың соңына дейін жоспарланған.
Сонымен қатар 1 580 орындық 3 мектептің құрылысы жалғасуда (80 орынға – Сандықтау ауданы Петровка ауылында, 300 орынға – Бестөбе ауылында, 1200 орынға – Қосшы қаласында). Нысандарды іске қосу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған болатын. Алайда, құрылыс басқармасының мәліметінше, оқу жылының басында Қосшы қаласында 1200 орындық мектептің қана құрылысы аяқталады.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы 12 200 орындық 9 мектепті іске қосу жоспарланған: Целиноград ауданында 7 мектеп (9 200 орын), Көкшетауда 2 мектеп (3 000 орын).
Сондай-ақ, А.Балташева депутаттарды оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру, педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, мектеп қазандықтарын жылыту маусымына дайындау, цифрландыруды енгізу, балалар үшін қауіпсіз орта құру туралы хабардар етті, бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Білім беру саласындағы сапаны бақылау департаментінің басшысы Орал Қаппасов отырысқа қатысушылардың назарын жаңа оқу орындарын лицензиялау, ашылатын мектептер үшін педагогтердің сапалы құрамын қалыптастыру, қиындықтар туындаған облыстың жекелеген аудандарында оқулықтар жеткізу жөніндегі проблемалық мәселелерге аударды.
Депутаттардың пікірінше, оқу жылының басталуы штаттық режимде өтуі үшін барынша күш салу қажет. Отырыс барысында айтылған барлық ұсыныстар мен ұсынымдар әлеуметтік сұрақтар жөніндегі комиссияның қорытынды хаттамасында және қаулысында көрініс табады және уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі
Как идет подготовка объектов образования к новому учебному году, обсудили участники заседания постоянной комиссии по социальным вопросам с участием председателя маслихата Бейбита Жусупова.
В своем выступлении и.о. руководителя управления образования Айнагуль Балташева озвучила не только статистические данные в курируемой сфере, но и проблемные вопросы и риски, связанные с вводом в эксплуатацию новых школ, а также отдельных объектов образования после капитального ремонта.
Так, в данный момент продолжается возведение 6 детских садов на 1706 мест. В ближайшее время планируется завершение строительства и открытие 2 детских садов: на 280 мест в п. Нурлы көш с.Красный яр и на 166 мест – для маломобильных групп в мкр. Сарыарка г.Кокшетау.
На сегодняшний день в области есть 2 аварийные школы (в селе Буланды района Биржан сал и в селе Бирсуат Жаркаинского района). Для решения данной проблемы за счет средств областного бюджета ведется строительство школы на 80 мест в с.Буланды. Ввод объекта запланирован в ноябре текущего года.
Для устранения аварийности школы с.Бирсуат Жаркаинского района за счет средств частных инвестиций начато строительство школы на 80 мест с последующим ее выкупом. Ввод запланирован до конца т.г.
Продолжается строительство 3 школ на 1 580 мест (на 80 мест – в с.Петровка Сандыктауского района, на 300 мест – в п.Бестобе, 1200мест – в г.Косшы). Ввод объектов был запланирован к 1 сентября т.г. Однако, по данным управления строительства, к началу учебного года будет завершено строительство только школы на 1200 мест в г.Косшы.
В рамках национального проекта «Комфортная школа» в текущем году запланирован ввод 9 школ на 12 200 мест: 7 школ в Целиноградском районе (9 200 мест), 2 школы в Кокшетау (3 000 мест).
Также А. Балташева подробно проинформировала депутатов об организации питания школьников, обеспеченности педагогическими кадрами, подготовке школьных котельных к отопительному сезону, внедрении цифровизации, создании безопасной среды для детей, ответила на ряд вопросов.
Руководитель департамента по контролю в сфере качества в сфере образования Орал Каппасов акцентировал внимание участников заседания на проблемных вопросах по лицензированию новых учебных заведений, формированию качественного состава педагогов для открывающихся школ, поставки учебников в отдельных районах области, где возникли сложности с поставщиками.
По мнению депутатов, необходимо приложить максимум усилий, чтобы начало учебного года прошло в штатном режиме. Все озвученные в ходе заседания предложения и рекомендации найдут отражение в итоговом протоколе и постановлении комиссии по социальным вопросам и будут направлены уполномоченным госорганам.
Пресс-служба Акмолинского областного маслихата