Темір жол жұмысындағы жаңа бағдарлар: Ақмола облысында туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту
Ақмола облысының әкімдігінде ауыл шаруашылығы, туризмді дамыту және темір жол тасымалдарын ұйымдастыру салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Кеңеске «Қазақстан темір жолы» АҚ және Ақмола облысы әкімдігінің басшылығы, ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, өңірдің жүк жөнелтушілері мен экспорттаушылары қатысты.
Мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында «Бурабай» курортын дамыту, Көкшетау, Щучинск және Бурабай қалаларының вокзалдарын жөндеу мәселелері қаралды. Облыс әкімдігі жаңа темір жол рейстерін жүктеу үшін Ақмола облысы мен Астана қаласының туристік компанияларымен бірлесіп, өңірлерде туристік пакеттер құру және оларды ілгерілету жұмыстарына көмек көрсетуге дайын.
«Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдері тиімділікті арттыру және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Осы жылдың екінші жартыжылдығында «Ерейментау – Астана – Көкшетау», «Астана – Бурабай курорты» жаңа электр пойыздарын іске қосу жоспарлануда, олардың құрамында жақсартылған жоспарлы және жайлылығы жоғары (биотуалеттермен, тартылатын қосымша сатылармен, кондиционерлермен және т.б. жабдықталған) вагондар жүретін болады.
Сонымен қатар, күн тәртібінде қаралған басым мәселелердің бірі – орақ науқаны кезінде астық тасымалдау. Ақмола облысы – астық және ұнтақтау өнімдерін өндіру бойынша көшбасшылардың бірі және еліміздегі ең ірі астық экспорттаушысы.
«Егін жинау науқанын уақытында жүргізу астықтың элеваторларда сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Элеваторлардан межелі станцияға дейін үздіксіз жөнелтуді және тасымалдауды ұйымдастыру – маңызды қадам», - деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Кеңесте тасымалдау процесіне қатысушыларға уақытында тасымалдауды жоспарлау, вагондардағы жүкті түсіру мен тиеуді қамтамасыз ету ұсынылды.
Кездесу соңында бірқатар жүк жөнелтушілер Қазақстанның темір жол саласының 120 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталды.
Новые акценты в работе ж/д: развитие туризма и сельского хозяйства в Акмолинской области
Актуальные вопросы взаимодействия в сферах сельского хозяйства, развития туризма и организации ж/д перевозок обсудили в акимате Акмолинской области. В совещании приняли участие руководство АО «Қазақстан темір жолы» и акимата Акмолинской области, руководители крупнейших сельскохозяйственных предприятий, грузоотправители и экспортёры региона.
В рамках исполнения поручения Президента страны Касым-Жомарта Токаева рассмотрены вопросы по развитию курорта «Бурабай» и ремонта вокзалов гг. Кокшетау, Щучинск и Бурабай. Кроме того, акимат области для загрузки новых ж/д рейсов готов оказать содействие и совместно с туристическими компаниями Акмолинской области и города Астаны провести работу по созданию туристических пакетов и продвижению их в регионах.
По словам представителей АО «Қазақстан темір жолы», работа по повышению эффективности работы и организации пассажирских перевозок будет продолжена. Во втором полугодии текущего года планируется запуск новых электропоездов «Ерейментау – Астана – Кокшетау», «Астана – Курорт Боровое», в составе которых будут курсировать вагоны улучшенной планировки и повышенной комфортности(с биотуалетами, выдвижными дополнительными ступеньками, кондиционерами и т.д).
Также одним из приоритетных вопросов, рассмотренных на повестке – перевозка зерна в период уборочной кампании. Акмолинская область – один из лидеров по производству зерна и продуктов перемола и крупнейший экспортер зерна в стране.
«Своевременное проведение уборочной кампании позволит обеспечить сохранность зерна на элеваторах. Важным шагом является организация бесперебойной отгрузки и перевозки с элеваторов до станции назначения», - отметил Марат Ахметжанов.
На совещании рекомендовано участникам перевозочного процесса обеспечивать своевременное планирование перевозок, выгрузку и погрузку вагонов.
В завершение встречи ряд работников награждены юбилейной медалью к 120-летию железнодорожной отрасли Казахстана.