Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Мектеп жәрмеңкелері Ақмола облысының аудандарында өтуде

​Мектеп жәрмеңкелері Ақмола облысының аудандарында өтуде

Ақмола облысының білім бөлімдері өз ауданының кәсіпкерлік бөлімдерімен бірлесіп мектеп жәрмеңкелерін ұйымдастыруды бастады.

Жәрмеңкеде кеңсе тауарлары, барлық жастағы оқушыларға арналған мектеп формасы, рюкзактар және т. б. ұсынылады.

Осы игі іске «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп тауарларын төмендетілген бағамен сату үшін кәсіпкерлердің кең ауқымы тартылуда.

Мысалы 2024 жылғы 9 тамызда Көкшетау қаласының кәсіпкерлерінің қатысуымен жәрмеңке өтті, оның ішінде «С.А. Ахмадиев» ЖК, «Г. К. Досқожина» ЖК, «Тілек» ЖК, «З. Ж. Ақмолдина» ЖК, «С. А. Уртимбаев» ЖК, «Б. Ж. Сапаров» ЖК, «ТП Арман» ЖШС, «Glasman» ЖШС. Достық үйі алаңында өтті.

Астрахан ауданында аудандық кәсіпкерлердің қатысуымен мектеп жәрмеңкесі өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «Мектепке жол» акциясы 1 тамыздан басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Аталған іс - шараның бас месседжі–аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу. Егер отбасы аталған санаттарға жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке барып, растайтын құжаттарды ұсынуы керек.

Айта кетейік, акцияның 9 күнінде облыс аудандарында (қалаларында) 238 рейдтік іс-шара өткізілді, оған жұртшылық, мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің (акцияға қатысушылар) ішінен 105 адам қатысты.

«Акция аясында 173 қолайсыз отбасы, 32 ойын-сауық мекемесі, 4 компьютерлік клуб, 7 саяжай шаруашылығы, 13 базар,9 теміржол вокзалдары тексерілді. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде 53 кәмелетке толмағандардың, 50 қолайсыз отбасылардан шыққандығы анықталды.

Облыс бойынша материалдық көмек алғандардың жалпы саны 19 мыңнан асты, көрсетілген материалдық көмек 810,5 млн. теңгені құрады», - деп бөлісті мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Бақытжан Тұткабаева.


Школьные ярмарки проходят в Акмолинской области. Отделы образования Акмолинской области совместно с отделам предпринимательства своего района начали организацию школьных ярмарок.

На ярмарке будут представлены канцтовары, школьная форма для всех возрастов, рюкзаки и др.

На проведение мероприятия привлекается широкий круг предпринимателей для реализации школьных товаров по сниженным ценам, согласно плана мероприятий по организации и проведению общереспубликанской благотворительной акции «Дорога в школу».

К примеру, 9 августа 2024 года в областном центре на площади перед Домом Дружбы прошла ярмарка с участием предпринимателей города Кокшетау, из них ИП «Ахмадиев С.А.», ИП «Доскожина Г.К.», ИП «Тілек», ИП «Акмолдина З.Ж.» , ИП «Уртимбаев С.А.», ИП «Сапаров Б.Ж.», ТОО «ТП Арман», ТОО «Glasman».

С участием районных предпринимателей школьная ярмарка прошла в Астраханском районе.

Напомним, несущая добро акция «Дорога в школу» стартовала с 1 августа и продлится до 30 сентября. Главый месседж данного мероприятия - оказание материальной помощи обучающимся из числа малообеспеченных, многодетных семей, детей–сирот, и детей, оставшихся без попечения родителей в период подготовки к началу нового учебного года и предупреждения непосещения детьми школ по социальным причинам. Если семья относится к указанным категориям, то родителям детей необходимо обратиться в школу и предоставить подтверждающие документы.

К слову, за 9 дней акции в районах (городах) области в рамках акции «Дорога в школу» было проведено 238 рейдовых мероприятий, в которых приняли участие 105 человек из числа (участники акции)представителей общественности, государственных структур.

«Были посещены 173 неблагополучных семей, 32 увеселительных заведения, 4 компьютерных клуба, 7 дачных хозяйств, 13 рынков, 9 железнодорожных вокзалов. В результате проведенных рейдов было выявлено 53 несовершеннолетних из них 50 из неблагополучных семей.

Общее количество, получивших материальную помощь по области на сегодня составляет более 19 тысяч детей, сумма оказанной материальной помощи составила 810,5 млн.тенге», - поделилась главный специалист отдела дошкольного и общего среднего образования Бахытжан Туткабаева.

17:17
182
Нет комментариев. Ваш будет первым!