Ақмола облысы әкімдігінің гранттына қабылдау 6 тамызда басталады
Ақмола облысында 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 195 грант мөлшерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы қалыптастырылды, оның ішінде: педагогикалық мамандықтарға - 100 грант (бакалавриат); жылу энергетикасына -10 грант (бакалавриат); медициналық мамандықтарға - 50 грант (бакалавриат) және 35 грант (резидентура).
2024 жылдың 14-тамызында ЖОО-да талапкерлерден «бакалавриат» бойынша ЖАО грантына өтуге өтініштер (офлайн) қабылдау аяқталады.
ЖАО білім беру грантын беру ҰБТ сертификатының балдары мен арнайы емтихан нәтижесін ескере отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады.
Анықтама телефондары: 8 (7162) 903107, 8 (7162) 722638
Толық ақпарат ресми сайтта орналасқан.