Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Кокшетауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Кокшетауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Қаламыздың көшелерін қоқыстан тазалау мақсатында және Жастар күнін мерекелеу қарсаңындағы онкүндіктің алғашқы күні «Таза Қазақстан» атты атаумен экологиялық акциясы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - қала тұрғындары мен туристердің, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам - Адал еңбек-Адал табыс» ұжырымдамасы негізінде патриотизм, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Акцияның ұйымдастырушылары мен бастамашылары болып Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ болып саналады. Шараға сондай-ақ, «Жасыл ел» ұйымының жастары, жұмысшы жастар және еріктілер қатысты.

«12 тамыз - Жастар күні. Осы орайда барлық өңірде он күн бойы жастарды дамытуға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Ақмола облысы да тыс қалған жоқ. Әр күн арнайы бір тақырыпқа арналып, жүзеге асырылатын болады. Атап айтсақ, 3 тамыз - Экологиялық мәдениетті дамыту, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында «TAZA QAZAQSTAN» атты атуамен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары және аудандардың әкімдіктері мен Жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен саябақтар, көшелер, өзен-көлдердің жағалаулары және т.б. сенбіліктер өткізуде. Бүгінгі акцияға 200-ден аса қала адам қатысты. Жалпы алғанда 500 кг жуық қоқыс жиналды. Біз, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы баршаңызды қоршаған ортамызды, табиғатымызды таза ұстауға шақырамыз» - дейді өз сөзінде облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі


В целях очистки улиц города Кокшетау от мусора и в первый день декады, посвященной празднованию Дня молодежи, была проведена экологическая акция под названием «Таза Қазақстан».

Основной целью мероприятия является повышение экологической культуры горожан и туристов, особенно молодежи, популяризация ценностей патриотизма, бережного отношения к природе, окружающей среде на основе концепции «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс».

Организаторами и инициаторами акции являются ГКУ «Молодежно-ресурсный центр» управления внутренней политики Акмолинской области. В мероприятии также приняли участие представители организации «Жасыл ел», рабочая молодежь и волонтеры.

«12 августа - День молодежи. В связи с этим во всех регионах в течение десяти дней будут организованы различные мероприятия по развитию молодежи. Акмолинская область не осталась в стороне. Каждый день будет посвящен одной теме. 3 августа - «TAZA QAZAQSTAN». В рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» акиматами городов Кокшетау, Степногорска, Косши и районов, Молодежными ресурсными центрами будут организованы субботники по очистке от мусора парки, улицы, берега рек и озер и др. В сегодняшней акции приняли участие более 200 горожан. В общей сложности было собрано около 500 кг мусора. Мы, молодежно-ресурсный центр Акмолинской области, призываем всех поддерживать чистоту окружающей среды, природы», - отметил в своем выступлении руководитель областного МРЦ Дастан Ермеков.

Пресс-служба Молодежно-ресурсного центра Акмолинской области

Управления внутренней политики Акмолинской области

11:19
151
Нет комментариев. Ваш будет первым!