Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Подготовка к зиме в нацпарке «Бурабай» вступила в активную фазу (ФОТО)

Подготовка к зиме в нацпарке «Бурабай» вступила в активную фазу (ФОТО)

«Бурабай» ұлттық паркінде қыс маусымына даярлық қызу жүріп жатыр

«Бурабай» МҰТП мемлекеттік инспекторлары жабайы жан-жануарларға арналған науаларды жөндеп, шөп шауып, ағаш бұталарынан бума дайындап жатыр.

Шөп Ұлттық парктің арнайы бөлінген учаскелерінде шабылып, ашық алаңдарда кептіріледі. Шабындық қазан айына дейін жалғасып, 450 тоннадан астам шөп орылуға тиіс.

Қазіргі таңда 147 мың дана бума әзірленіп, жоспар 70%-дан артық орындалды. Қайың және басқа да ағаштардың жапырақтары жануарлардың ас қорыту жүйесіне пайдалы екенін айта кеткен жөн. Оны кептіріп, құрғақ жерде сақтау керек, көгеріп кеткен думаны аңдар жемейді.

«Қыс айларында жерді қалың қар мен қатқыл мұз басқан кезде жануарлардың тебіндеуі, өз бетінше азық тауып жеуі қиындайды. Науаға салынған шөп пен минерал тұз бұғы-маралдарға, еліктер мен бұландарға және қабандарға қыстан аман шығуға көмектеседі. Сол үшін алдағы қатал қысқа біз қазірден бастап жан-жақты даярлануға тырысамыз», - дейді бас орманшы, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары Бауыржан МАХМЕТОВ.

Басқа мамандық иелері жаз уақыты үшін демалыс кезеңі болса, Ұлттық парк инспекторлары үшін жұмыстың ең қызатын уақыты. Жем-шөп даярлаудан бөлек, өсімдік зиянкестерін анықтау, ауырған ағаштарды уақтылы емдеу, орман питомнигіндегі көшеттерге күтім жасау, өрт сияқты табиғи апаттардың бетін қайтару сияқты шаруа шаш етектен.

Жыл сайын Ұлттық паркке келушілер қатары көбейіп келеді. Сондықтан аумақты қоқыстан санитарлық тазартуға, халық арасында профилактикалық жұмыс жүргізуге де көп уақыт пен күш-жігер керек.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі


Подготовка к зиме в нацпарке «Бурабай» вступила в активную фазу

Государственные инспекторы заняты ремонтом кормушек для диких животных и заготовкой кормов – сена и древесных веников.

Сенокос ведется на специально выделенных участках нацпарка и продолжится до октября. К предстоящей зиме планируется заготовить более 450 тонн сена.

План по древесным веникам на этот год – 147 тысяч штук. Более 70% уже готово. Древесные веники – широко распространенный вид подкормки для диких животных. Вяжут веники из молодых побегов с листьями различных пород деревьев. Их хорошо просушивают и хранят под навесом в сухом месте, так как заплесневелые веники животные не едят.

«В зимние месяцы доступность натуральной пищи для диких копытных животных может сильно ограничиваться из-за ледяного и глубокого снежного покрова пастбищ. Кормушки помогают маралам, косулям, оленям, лосям, кабанам и зайцам выжить. Поэтому летом мы стараемся подготовиться к суровой зиме по максимуму», - рассказывает главный лесничий, заместитель директора Государственного национального природного парка «Бурабай» Бауыржан МАХМЕТОВ.

Летом у лесников наступает самая жаркая пора в работе: своевременное предупреждение заражения деревьев, обнаружение вредителей, забота о саженцах в лесопитомнике, противопожарные мероприятия, а также ликвидация последствий непогоды – ветролома и ветровала.

Стоит отметить, с каждым годом увеличивается наплыв посетителей национального парка. Поэтому все больше времени занимает санитарная очистка территории от мусора и профилактическая работа с населением.

Пресс-служба ГНПП «Бурабай»


12:20
138
Нет комментариев. Ваш будет первым!