Қалың орманның болашағы «Бурабай» ұлттық паркінің тәлімбағынан басталады
Қалың орманның болашағы «Бурабай» ұлттық паркінің тәлімбағынан басталады
«Бурабай» МҰТП тәлімбағында қазір күн райы да, жұмыс та қайнайтын уақыт. Жас көшеттерге агротехникалық күтімнің маңызды кезеңі осы – арамшөптен арылтып, топырағын қопсытып, уақтылы суарған жөн.
Жұмыстың маңызы мен ауқымын түсінбейтіндер үшін осы қиын процеске жауапты адам, тәлімбақтың орманды қалпына келтіру инженері Бекзат Габченконың уайымы күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ жұмыс барысымен танысқан соң басқаша ойға келеді.
Биыл «Бурабай» ұлттық паркінің жалпы ауданы 333,9 гектар жерге егілген көшеттердің арамшөбін қолмен жұлып тазарту жоспарланған. Агротехникалық күтім жасауға 100-ден астам адам және ұлттық парктің 50 техникасы жұмылдырылып отыр.
Тәлімбақтағы жұмыстан бөлек, парктіі Ақылбай, Бурабай, Жалайыр, Золотобор, Қатаркөл, Мирный, Приозерный, Темнобор сынды сегіз орманшылығында биыл және өткен жылдары егілген екпелердің түбін қопсытып, арамшөптен арылту керек. Осының бәрі қол күшімен атқарылады.
Ұлттық парктегі тәлімбақ 1960 ашылған-ды. Бұл жерден жыл сайын әртүрлі ағаш түрлерінің жүздеген мың көшеті отырғызу үшін қазылып алынады.
-«Бурабай» ұлттық паркінде орман алқабын кеңейту процесі қыста қарағай бүршіктерін жинаудан басталады. Бүршіктерден біз тұқым аламыз, олар мұқият іріктеліп, стратификация жасалады. Одан соң тәлімбаққа егеміз. Өскіндер өліп қалмай, үлкен ағашқа айналуы үшін саусақ басындай көшет кезінен-ақ күтім жасаймыз: әр көшетке арнап топырағы таза орын әзірлейміз, арамшөбін жұлып отырамыз. Соның арқасында жас өскін тежелмей, тезірек бой көтереді. Күн ыстық кезде суарамыз, - дейді Бекзат Габченко.
2-3 жылдан кейін көшеттер тәлімбақтан ормандағы арнайы аумақтарға көшіріледі. Ол жерде орман инспекторларының бақылауымен өсе береді. Инспектор олардың ауырып тұрмағанын үнемі тексеріп отырады. Сөйтіп, арада біраз жыл өткенде жап-жас өскін алып ағашқа айналады, орман қанат жая береді.
Қазіргі таңда тәлімбақта тұрақты негізде 11 адам жұмыс істейді. Олар тұқым себуден бастап көшетті табиғи ортаға көшіруге дейін күтіп-баптайтын жоғары білікті мамандар. Инспекторлар да оларға жан-жақты көмектеседі.
Көктем мен жаз мезгілінде арамшөп жұлу сияқты жұмыстарға қосымша адамдартар тартылады. Биыл 200,3 гектар жердің арамшөбі тазартылды, жұмыс жоспарға сай жалғасып жатыр.
-Тәлімбақ – болашақта қалың орманның негізі қаланатын жер. Біздің қызметкерлер бар білімі мен күш-жігерін осы процеске жұмсайды, өйткені біз болашақ ұрпақ үшін тырысамыз. Кішкентай тұқымнан алып ағашқа дейінгі жол ұзақ, ол кем дегенде он жыл үздіксіз күтім мен назар аударуды қажет етеді, - дейді Бекзат Габченко.
Где рождается лес: как в питомнике ГНПП «Бурабай» заботятся о будущем парка
В питомнике ГНПП «Бурабай», где начинается жизнь будущих лесов, настала самая горячая пора. В разгаре важный этап агротехнического ухода за молодыми саженцами: уничтожение сорняков и рыхление почвы.
Если не знать объемы этой работы, то можно, конечно, и посмеяться над заботами инженера по лесовосстановлению питомника Бекзата Габченко, который отвечает за этот непростой процесс. Что, дескать, за работа?
Если же знать, что в текущем году в национальном парке «Бурабай» запланирована ручная прополка лесных культур на общей площади 333,9 га, то сразу становится не до смеха. В агротехническом уходе за лесными культурами задействовано более 100 человек и 50 единиц техники нацпарка.
Кроме работ в питомнике, в текущем году в восьми лесничествах парка – Акылбайском, Боровском, Жалайырском, Золотоборском, Катаркольском, Мирном, Приозерном и Темноборском – проводится двухкратная ручная прополка лесных культур посадки текущего года и прошлых лет.
Лесной питомник нацпарка образован в 1960 году и ежегодно производит сотни тысяч сеянцев и саженцев различных древесных пород.
«Процесс создания леса в ГНПП «Бурабай» начинается с зимнего сбора шишек сосны. Из шишек мы извлекаем семена, которые после тщательного отбора и стратификации высаживаются в лесном питомнике. Чтобы ростки в будущем смогли стать большими деревьями, в процессе всходов мы за ними ухаживаем: прореживаем, чтобы дать пространство для каждого сеянца, удаляем сорняки, чтобы они не подавляли рост молодых растений, в засушливые дни поливаем», - рассказывает Бекзат Габченко.
После 2-3 лет сеянцы пересаживаются из питомника в лес, где продолжают расти под присмотром инспекторов лесничеств, которые проводят регулярные осмотры молодняка на предмет болезней и ухаживают за ними. Так, постепенно, из лесных деток вырастают могучие сосны, обеспечивая здоровое зелёное будущее нацпарка.
В лесном питомнике на постоянной основе трудятся 11 работников, которые заботятся о растениях с момента посева семян до пересадки молодых деревьев в естественную среду. Инспекторский состав лесничеств всемерно им помогает.
В весенне-летний период нацпарк дополнительно принимает на прополку молодняка, которая делается вручную, лесокультурных рабочих. На данный момент прополка выполнена на 200,3 га, и работы продолжаются в соответствии с графиком.
«Питомник — это место, где начинается жизнь будущих лесов. Наши сотрудники вкладывают в этот процесс все свои знания и силы, ведь мы стараемся для будущих поколений. Путь от маленького семечка до могучего дерева долгий, он требует, как минимум, десятка лет непрерывного ухода и внимания», - говорит Бекзат Габченко.